Tilda Publishing
Учи казахский
онлайн с Qazline!


6-сабақ
Тілді үйренудегі кеңестер

1-ТАПСЫРМА
Видео сабақты көріңіз және төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

2-ТАПСЫРМА
Мәтінді оқыңыз.


Тіл үйренудегі кеңестер.

Мақсат қою.
Тілді үйрену үшін нақты мақсат болу керек. Мысалы, шетелдік компанияға жұмысқа тұру, сериалдарды аудармасыз түсіну, шетелдегі университетке оқуға түсу, т.б. Сіз тіл меңгеруді жоспарламасаңыз, онда нәтижеге қол жеткізу қиын болады.


Тілдесу.
Өте аз сөз білсеңіз де, соларды қолданып, сөйлесуге тырысыңыз. Және тілді бірге үйреніп жүрген досыңызбен, мұғаліміңізбен сөйлесуге ұялмаңыз.


Сөз тіркестерін жаттау.
Тіл үйрену кезінде сөздіктегі сөздерді жаттаудың пайдасы жоқ. Кез келген бір мәтінді алып, сондағы таныс емес сөз тіркестерін немесе толық сөйлемді жаттауға тырысыңыз. Осы арқылы тек сол сөздердің мағынасын ғана емес, оның қолданылуын да білетін боласыз.


Тыңдау.
Көптеген полиглоттар көбірек тыңдауға кеңес береді.Тіпті сіз 10-20%-ын ғана түсінсеңіз де, көбірек тыңдай беріңіз. Солайша сіз сол тілдің дыбысталуын, интонациясын тезірек үйрене аласыз.


Қателесуден қорықпау.
Адамдар көп жағдайда сөйлеуге қорқады. Себебі бірден қатесіз, әдемі сөйлегілері келеді. Сонымен қатар, грамматикалық қателіктерді болдырмауға тырысады. Бірақ бұл сізді қатты тежейтін болады.


Үздіксіз оқу.
Тілді үйрену үшін үздіксіз еңбектеніңіз. Бір тілді үйренген соң оны әрдайым қолдану керек. Кемінде аптасына 3-4 сағатты тілдерді үйренуге арнаған дұрыс.
Мәтінде кездескен жаңа сөздерді QUIZLET қосымшасы арқылы есте сақтаңыз!

3-ТАПСЫРМА
Мәтінге қатысты сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Сіз қанша тіл білесіз?
  2. Қай кеңес сізге көбірек ұнады?
  3. Не себепті адамдар қате сөйлеуге қорқады?
  4. Сіз тіл үйренуде қай кеңесті қолданып жүрсіз?

4-ТАПСЫРМА
Сілтемеден өтіп, видеоны көріңіз.

5-ТАПСЫРМА
Видеоға қатысты тапсырмаларды орындаңыз.

Вы молодец! Выполнили все задания!

Дополнительно проработать материал урока Вам поможет рабочая тетрадь, скачать которую можно ниже.

Задания рабочей тетради для самостоятельной отработки, в конце есть ответы ко всем упражнениям.

Made on
Tilda