Tilda Publishing
Учи казахский
онлайн с Qazline!


5-сабақ
Тамақ ішкеннен кейін
су ішесің бе?

1-ТАПСЫРМА
Видео сабақты көріңіз және төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

2-ТАПСЫРМА
Қысқаметражды мультфильмді көріңіз. Мультфильмдегі оқиғаны «дейін/кейін/ғанша/генше формаларына қойып сипаттаңыз.

3-ТАПСЫРМА
Мәтінді оқыңыз. Мәтіннен дейін/кейін шылаулары бар тіркестерді табыңыз.
ТАМАҚПЕН БІРГЕ СУ ІШКЕН ДҰРЫС ПА?

Тамақтан кейін су немесе шай ішуге болмайды. Көптеген диетолог мамандар осындай кеңес береді. Бірақ ол қаншалықты дұрыс? Шынымен де тамақпен бірге су немесе шай ішуге болмай ма?

Көп жағдайда біз тамақпен бірге су немесе шай ішеміз. Ал тағамнан кейін тәттілерді шаймен ішу күнделікті дәстүрге айналды.

Біріншіден, тағамнан кейін бірден су немесе шай, шырын ішкен не себепті зиян екенін түсінейік. Мұндай әдет асқорыту жүйесінің зақымдануына әкеп соғады. Біз тамақтанғанда, асқазанымызда тағамды қорыту үшін арнайы сөл бөлінеді. Ал біз тамақпен бірге сусын ішкен кезде, ол асқазанның сөлімен араласып, нәтижесінде астың дұрыс қорытылуына кедергі болады. Тамақ ұзағырақ қорытылып, оның пайдалы қасиеттерін ағзамыз нашар қабылдайды.

Диетологтардың айтуынша су, шай немесе басқа сусындарды тамақ ішкенге дейін, кем дегенде жарты сағат бұрын ішкен дұрыс. Ал тамақтанып болғаннан кейін бір сағат бойы ешқандай сұйықтық ішпеген дұрыс. Әрине бұл ереженің өз ерекшеліктері бар. Мысалы, өте құрғақ тағамды жегенде, кішкене су ішуге болады.

4-ТАПСЫРМА
Мәтінге қатысты төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Жауабыңызды мұғалімге аудиоформатта айтып беріңіз.

1. Диетолог мамандар қандай кеңес береді?
2. Тағамнан кейін бірден су немесе шай ішу не себепті зиян?
3. Су, шай, сусындарды қашан ішкен дұрыс?
4. Ал сіз тамақпен бірге су немесе шай ішесіз бе?

5-ТАПСЫРМА
Мәтінде кездескен жаңа сөздерді QUIZLET қосымшасы арқылы есте сақтаңыз!

6-ТАПСЫРМА
Сілтемеден өтіп, видеоны көріңіз.

Вы молодец! Выполнили все задания!

Дополнительно проработать материал урока Вам поможет рабочая тетрадь, скачать которую можно ниже.

Задания рабочей тетради для самостоятельной отработки, в конце есть ответы ко всем упражнениям.

Made on
Tilda