(Ватсаптағы чат)
Дастан: Достар, қайырлы кеш! Түнде жазғаныма кешірім сұраймын. Кім математикадан үй жұмысын орындады? Көшіруге беріңдерші. Кеше күні бойы сериал көрдім, үй жұмысын орындаған жоқпын🥲. Ертең апай менен үй жұмысын сұрайды, сезіп тұрмын😅
Карина: Маған математика ұнамайды. Өмірімде үй жұмысын ешқашан орындаған емеспін. Менен сұрама😺
Айсұлу: Мен бастауышта ғана үй жұмысын орындайтынмын, қазір мүлде орындамаймын. Сабақтың басында біреуден көшіріп аламын. Менен де сұрама🫠
Бекзат: Бауырым (братишка), қалайсың? Мен де орындамадым, ертең апай менен де сұрайды. Не істейміз @Дастан?😯
Шолпан: Бекзат, сен неге орындамадың?😳
Бекзат: Үйге қонаққа ағаларым келген, солармен плейстейшн ойнадық, киноға бардық, қыдырдық. Уақыт болмады🤪
Шолпан: Жарайсың!🙂
Дастан: @Шолпан сен өзің неге орындамадың?
Шолпан: Мен не істедім? Ұйықтадым, ояндым, пицца жедім, кино көрдім, тағы ұйықтадым, тұрдым. Сағатқа қарасам, түнгі он болыпты🤪
Айым: Мен орындадым, бірақ саған көшіруге бермеймін. Алдында сен маған химиядан көмектескен жоқсың. Есіңде ме @Дастан?🤓
Дастан: Айым, ол кезде өзім де жауабын білмедім, кешірші!
Айым: Кешіре алмаймын.
Дастан: 🙄🙄🙄.
Зарина: Достар, ертеңге үй жұмысын орындау керек пе? Мен білген жоқпын😱
Дастан: Иә, үш есеп шығару керек математикадан.
Зарина: Масқара! Мен ұйықтайын деп жатырмын🥱
Дастан: Қайырлы түн! Достар, ешкім бермей ме? 😢🥺
Айым: жарайды, мен берейін. Бірақ ертең маған шоколад сатып алып бересің.
Дастан: ооо, рақмет! Әрине, алып беремін 😘