Tilda Publishing
Учи казахский
онлайн с Qazline!


20-сабақ

1-ТАПСЫРМА
Видеосабақты көріңіз.

2-ТАПСЫРМА
Видеоны көріп, тест тапсырмасын орындаңыз. Элла 63 жасқа келсе де, әлі атқа мініп, жұмыс істейді. Олар мал шаруашылығымен (скотоводство) айналысады.


3-ТАПСЫРМА
Қызықты психологиялық тест! Суреттен өз тарағыңызға ұқсайтын немесе сізге ұнайтын бір тарақ түрін таңдаңыз.
1. Кез келген істе, қарым-қатынаста сіз үшін әділдік (справедливость) алдыңғы орында. Кейде өтірік айтқыңыз келсе де, әрқашан шындықты айтуға тырысасыз. Сіз үшін барлығы әділ әрі шынайы болуы маңызды. Солай ма? ????

2. Сіз үшін сыпайылық (вежливость) өте маңызды. Далада, үйде, қоғамдық орындарда әрдайым сыпайы болуға тырысасыз. Сізге біреу дөрекі (грубо) жауап берсе де, сыпайылықты сақтайсыз. Қандай қиын жағдай болса да, сіз өте сабырлы бола аласыз.

3. Қай-қай қарым-қатынаста да сізге ең маңыздысы өзара түсінісу (взаимопонимание). Достарыңыз, жақындарыңызбен жиі кездесуді жақсы көресіз. Көңіл-күйіңіз болмаса да, олармен әрдайым сөйлескенді жақсы көресіз. Сіз үшін олардың қолдауы (поддержка) өте маңызды.

4. Сіз үшін әдемілік маңызды. Жігерлі адамдарды жақсы көресіз. Өзіңіз де өте табанды адамсыз. Басыңызға қиын іс түссе де, ешкімге айтпайсыз. Әрдайым тек жеңіске жеткіңіз келеді.

5. Сіз үшін бостандық (свобода) маңызды. Сізге сізді толық қабылдай алатын адам керек. Сізге талап қойып, белгілі шектеулер жасаса да, өз дегеніңізді жасайсыз (делаете свое). Сізге басқа адамдардың ойы аса маңызды емес.


Жаңа сөздерді Quizlet қосымшасы арқылы жаттап алыңыз.

4-ТАПСЫРМА
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Тест сізге сәйкес келді ме?
  2. Сыпайы адам қандай болуы керек?
  3. Сіз үшін бостандық деген не?
  4. Дөрекі адамдарды көрсеңіз, не істейсіз?
  5. Бұл өмірде әділдік бар ма?

5-ТАПСЫРМА
Әнді тыңдап, мұғалімге айтып беріңіз.

Made on
Tilda