Tilda Publishing
Учи казахский
онлайн с Qazline!


18-сабақ

1-ТАПСЫРМА
Видеосабақты көріңіз.

2-ТАПСЫРМА
Миллиардер болсаңыз, не істер едіңіз? Сауалнаманы көріп, өз ойыңызды мұғалімге аудио арқылы айтып беріңіз.


3-ТАПСЫРМА
Мәтінді оқыңыз.


Жер бетінен аралар жойылып кетсе, не болады?

Пестицид, паразит, климаттың өзгеруі сияқты құбылыстардың әсерінен экожүйедегі маңызды өсімдіктер, жәндіктер мен жануарлардың түрлері жойылып кетуі мүмкін. Егер ара Жер бетінен жойылып кетсе, не болар еді?

"Адам оттегісіз үш минут, сусыз үш күн, ал арасыз төрт жыл ғана өмір сүре алады". Бұл – Альберт Эйнштейннің 1941 жылы "Canadian Bee Journal" басылымына берген сұхбатында айтқаны. Бұл сөз қаншалықты рас?

Олардың адамзат өмірінде соншалықты маңызды екеніне сенбесеңіз, қарапайым бургерді елестетіңіз. Егер аралар болмаса, оның құрамында пияз, маринадталған қияр болмас еді. Бұл көкөністерді аралар тозаңдандырмаса, мүлде өспейді. Бургерде ірімшік те болмас еді. Себебі сүт беретін сиырдың рационына люцерн керек. Ал оны аралар тозаңдандырады. Люцернді басқа шөппен алмастыруға болады, бірақ бұл сиырға кететін шығынды көбейтеді.


Өсімдіктерді тек аралар ғана тозаңдандыра ала ма?

Өсімдіктерді көбелек, қоңыз, тіпті құстар мен жарқанаттар да тозаңдандырады. Бірақ бүкіл биосферадағы тозаңданудың үштен бірі араларға тиесілі.

Ара басқа құс-жәндікке қарағанда жақсырақ тозаңдандырады. Себебі олар күн сайын өте көп өсімдікке қонады. Қарапайым бал арасы жылына шамамен 4 миллион рет ұшып-қонады.

Қауын, бадам сияқты жемістерді ара тозаңдандырмаса, мүлде өнім бермейді. Тозаңдану азықтың сапасына да әсер етеді. Бұдан бөлек аралар бал, балауыз, прополис (ара желімі) жасайды. Бұл өнімдер медицина, құрылыс, косметикада пайдаланылады.


Ара жоғалып кетсе, тағы не болар еді?

2014 жылы АҚШ-та зерттеу жасалып, мынадай тұжырым жарияланған: аралар жыл сайын құны 15 миллиард доллар болатын жұмысты тегін істейді.

Адамдар араларға қалай көмектесе алады?

Оның бірден-бір жолы – ара жақсы көретін өсімдіктерді көбейту. Бірақ ең бастысы – табиғатқа зиян келтірмеу. Қалғанын экожүйе өзі реттейді.

Жаңа сөздерді quizlet арқылы жаттап алыңыз.

Quizlet

4-ТАПСЫРМА
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Не себепті жәндіктер жойылып кетуі мүмкін?
  2. Сұхбатта Эйнштейін не деп айтты?
  3. Өсімдіктерді тек аралар ғана тозаңдандыра ала ма?
  4. Ара болмаса, қандай өсімдіктер мүлдем өнім бермейді?
  5. 2014 жылы АҚШ-тағы зерттеуден соң қандай тұжырым айтылды?

5-ТАПСЫРМА
Әнді тыңдап, мұғалімге айтып беріңіз.

Вы молодец! Выполнили все задания!

Дополнительно проработать материал урока Вам поможет рабочая тетрадь, скачать которую можно ниже.

Задания рабочей тетради для самостоятельной отработки, в конце есть ответы ко всем упражнениям.
Made on
Tilda