Tilda Publishing
Учи казахский
онлайн с Qazline!


17-сабақ

1-ТАПСЫРМА
Видеосабақты көріңіз.

2-ТАПСЫРМА
Жиі қолданылатын сын есімдерді жаттап алыңыз.

Файл

3-ТАПСЫРМА
Мәтінді оқыңыз.

Қыздармен салыстырғанда жігіттер...

Ауырып қалса...

Ер адамдар әйел адамдарға қарағанда ауруға шыдамсыздау. Көптеген ер адамдар ыстығы аздап көтерілсе, дереу дәрігерге барады. Жұмысқа бармай, үйде жатып емделеді. Ал әйел адамдар ауруға өте төзімді. Сондықтан олар аурып қалса да, дәрігерге бармайды.

Жыласа...

Ер адамдар анда-санда ғана жылайды. Бірақ ер адамдардың ішкі жан дүниесі әлсіздеу болады. Олар әйелдер сияқты керек кезінде жылап алмайды. Әйелдер көңілсіз болса да, қуанып тұрса да жылай береді.

Тамақ дайындаса...

Ер адамдар тамақты өте сирек жасайды. Сондықтан олардың жасаған тамақтары әйел адамдаркіне қарағанда дәмдірек болады. Бірақ жігіттер тамақ жасап болғаннан соң ас үйді жинау керек болады. Себебі жігіттердің көбі алған затын орнына қоймайды және көкөністердің қабығын қоқыс шелегіне тастамайды. Мұнымен келісесіз бе?

Дүкен араласа...

Ер адамдар дүкен аралауға көп уақыт бөлгісі келмейді. Олар өздеріне керек затын аз уақытта таңдап алады. Ал қыздар дүкен араласа, бір тауарды бір тауармен салыстырып, сапасы мен бағасына келіспейды. Дүкенге сонша уақыт бөлсе де, үйге келген соң алған заты ұнамай оны өткізуге тағы барады. Рас па, қыздар?

Мәтіндегі жаңа сөздермен танысыңыз.

Quizlet

4-ТАПСЫРМА
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Ер адамдар ауырғанда не істейді?
  2. Әйелдер қашан жылайды?
  3. Не себепті ер адамдардың жасаған тамағы дәмдірек болады?
  4. Әйел адамдар мен ер адамдардың тағы да қандай айырмашылықтары бар?

5-ТАПСЫРМА
Өз қалаңыздағы қысқы және жазғы ауа райын салыстырыңыз. Шағын мәтін құрастырып, мұғалімге аудио арқылы жіберіңіз.

6-ТАПСЫРМА
Видеоны көріп, сөйлемдерді толықтырыңыз.

Вы молодец! Выполнили все задания!

Дополнительно проработать материал урока Вам поможет рабочая тетрадь, скачать которую можно ниже.

Задания рабочей тетради для самостоятельной отработки, в конце есть ответы ко всем упражнениям.
Made on
Tilda