Tilda Publishing
Учи казахский
онлайн с Qazline!


12-сабақ

1-ТАПСЫРМА
Видеосабақты көріңіз.
Ережеге қосымша:

"ет.+ма\ме\ба\бе\па\пе+c бұрын" конструкциясын қолданғанда, әріптер өзгереді:

б - п жабу - жап+па+с бұрын
г - к төгу - төк+пе+с бұрын
ғ - қ тағу - тақ+па+с бұрын

2-ТАПСЫРМА
Видеоны көріп, сұрақтарға жауап беріңіз:

3-ТАПСЫРМА
Сұрақтарға жауап беріңіз.
  1. Тамақ ішер алдында тәтті жеуге бола ма? Неге?
  2. Кино көрмес бұрын оның трейлерін көресіз бе?
  3. Далаға шықпас бұрын үйді тексересіз бе?
  4. Дәрігерге бармас бұрын алдын-ала жазыласыз ба?
  5. Қонақ шақырмас бұрын не істеу керек?
  6. Ұшаққа отырмас бұрын не істеу керек?
  7. Машинаны жүргізер алдында не істеу керек?
  8. Тамақ ішер алдында қол жуу керек пе? Неге?

4-ТАПСЫРМА
Мәтінді оқыңыз.

Ұйықтар алдында не жеуге болады: пайдалы 6 тағам.

Ұйықтар алдында тамақтану дұрыс емес. Егер күндіз дұрыс тамақтануға уақытыңыз болмаса, түнде тамақтануға тура келеді. Артық салмақ қоспау үшін ұйықтар алдында не жеуге болады? Мұны анықтауға терапевт, диетолог Екатерина Корсева көмектеседі. Кеш тамақтанудың негізгі ережесі – артық тамақтанбау, сонда ғана асқазаныңызда ауырлық сезінбейсіз.

Жұмыртқа

Қайнатылған жұмыртқаны түнде жеуге болады. Жемес бұрын оны қайнатып, 15 минутқа суық суға салу керек. Сонда қабығы тез ашылады.

Ет немесе майсыз құс еті

Ұйықтар алдында жеңіл тағамның тағы бір түрі – тауық еті. Оны суға немесе буға пісіруге болады. Немесе майсыз сиыр етін таңдасаңыз болады.

Майсыз ақ балық

Кешкі асқа ақ майсыз балықты таңдаған дұрыс. Ең бастысы – майға қуырмау керек. Оның орнына балықты буға пісірген немесе грильде пісірген дұрыс. Мұндай тағамда тек 80-120 ккал болады. Балықты жемес бұрын оны мұқият тазалауды ұмытпаңыз!

Жаңғақтар

Грек жаңғағының құрамында ұйқыны жақсартатын мелатонин гормоны бар. Ал бадам мен кешью магнийге бай. Магний сіздің ағзаңызға өте пайдалы.

Көкөністер мен жемістер

Олардың құрамында көптеген дәрумен мен минералдар бар. Алайда ұйықтар алдында қызанақ немесе қарбыз жемеген дұрыс.



Мәтінде кездескен жаңа сөздерді QUIZLET қосымшасы арқылы есте сақтаңыз!

5-ТАПСЫРМА
Мәтін бойынша "дұрыс/бұрыс" тапсырмасын орындаңыз.

  1. Кеш тамақтанудың негізгі ережесі - артық тамақтанбау.
  2. Қайнатылған жұмыртқаны ыстық суға салу керек.
  3. Ұйықтар алдында майлы қой етін жеу керек.
  4. Майсыз ақ балықтa 150 ккал болады.
  5. Бадам мен грек жаңғағы магнийге бай.
  6. Ұйықтар алдында қарбыз мен қызанақ жеу керек.

Made on
Tilda