Tilda Publishing
Учи казахский
онлайн с Qazline!


4-сабақ

1-ТАПСЫРМА
Қалау райдың екінші формасы туралы түсіндірмені көріңіз:

2-ТАПСЫРМА
Психологиялық тесттен өтіңіз.

Қай көбелекті таңдайсыз?
1. Оптимист

Сіз өте белсендісіз. Адаммен тез тіл табысасыз. Үнемі өзіңізді түсінетін достарды іздейсіз. Қарым-қатынастың адалдыққа негізделгенін қалайсыз. Бейтаныс адамдарға жылдам бауыр басасыз. Өмірдің қиын екенін түсініп, адамдардың алдында (перед) көңілді, әрі қарапайым адам болып көрінуге тырысасыз.

2. Тұрақты, әрі тұйық

Сіз тұрақтысыз. Сырт көзге жолы болғыш, ең бақытты адам болып көрінесіз. Сезімдеріңізді өзгелерге көрсеткіңіз келмейді. Өзгелерге үнемі көмектескіңіз келеді.

3. Қызуқанды, әрі тұрақсыз

Сіз қызуқандысыз. Үнемі ашуланып жүресіз. Ойыңызда түрлі идеялар бар. Үнемі жарысуды ұнатасыз.

4. Ақылды, әрі ашық жарқын

Сіз өте ақылдысыз. Жақсы кітаптарды оқудан лəззат аласыз. Өзгелердің әлемін аралағанды жақсы көресіз. Терең ойланасыз. Өзгерістер мен жаңа идеяларды ұнатасыз. Тәртіп пен адалдықты сүйесіз. Ешкімге бағынғыңыз келмейді, бірақ басқа адамдардың сізге бағынғанын қалайсыз.

5. Жолы болғыш

Үнемі өзгелер үшін алаңдап жүресіз. Қарапайым, әрі мейірімді жансыз. Жоспармен жүргенді жақсы көресіз. Осы өмірдің жақсаруына үлес қосқыңыз келеді.

6. Позитив

Сіз белсенді жансыз. Айналаңыздағының барлығын білгіңіз келеді. Достарыңызды қатты жақсы көресіз. Әрдайым көтеріңкі көңіл-күйде жүресіз. Әзіл-қалжыңды қызықты қылып айтасыз. Өмірден рахат алғыңыз келеді.

3-ТАПСЫРМА
Тесттен өтіп болғаннан соң нәтижесімен мұғаліммен бөлісіңіз.

Мәтіннен қалау рай формасындағы етістіктерді теріп жазып, мұғаліммен бөлісіңіз.

4-ТАПСЫРМА
Әнді тыңдаңыз. Қайырмасын (припев) мұғалімге айтып беріңіз.
Әннің сөзі.



Вы молодец! Выполнили все задания!

Дополнительно проработать материал урока Вам поможет рабочая тетрадь, скачать которую можно ниже.

Задания рабочей тетради для самостоятельной отработки, в конце есть ответы ко всем упражнениям.
Made on
Tilda