Tilda Publishing
Учи казахский
онлайн с Qazline!


10-сабақ

1-ТАПСЫРМА
Қайырлы таң!
Қалдарың қалай?
Не жаңалық?

а) Включите аудио. Послушайте диалог.
ә) Ответьте на следующие вопросы иә/жоқ

1. Билет бір ересек адамға және бір балаға керек.
2. Сатып алушыға эконом класс керек.
3. Сұраған уақытқа тура рейс табылды.
4. Астана қаласында 50 минут тұрақтайды.
5. Сатып алушы төлемді картамен орындады.
6. Жолаушы Ақтөбе қаласына Астана уақыты бойынша сағат 18:00 ұшып келеді.
7. Тіркеу бір жарым сағат бұрын басталады.

2-ТАПСЫРМА
а) Включите аудио еще раз и параллельно следите за текстом.

– Сәлеметсіз бе!
– Сәлеметсіз бе! Қандай көмек көрсете аламын?
– Маған Алматы қаласына 5 наурызға екі билет керек еді?
– Қазір бір минут... Билет ересек адамдарға ма?
– Иә, иә, екі ересек адамға.
– Жақсы, эконом класс керек пе, әлде бизнес класс керек пе?
– Маған эконом класс керек еді.
– Жақсы, қазір... Сіз айтқан 5 наурызға екі билет табылды. Бірақ, тура рейс табылмады, Астана қаласы арқылы ұшасыз.
– А-а-а, жарайды, ештене етпейді. Астанада қанша уақыт тұрақтаймыз?
– 50 минут.
– Жақсы, жарайды. Билеттердің бағасы қанша болды?
– 43700 тг болды.
– Сізде картамен төлеуге бола ма?
Өкінішке орай, бізде төлемді тек ақшалай қабылдайды.
– А-а-а, жарайды. Мінеки, алыңыз.
– Міне сіздің билетіңіз. Ақтөбе қаласынан жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 18:00-де ұашсыз, Астана қаласына сағат 19:30-да ұшып келесіз. 20:20-да Астана қаласынан Алматы қаласына ұшып келесіз. Тіркеу бір жарым сағат бұрын басталады.
– Көп, рақмет! Сау болыңыз!
Сәт сапар! Сау болыңыз!

ә) Переведите черным выделенные слова и выражения.

3-ТАПСЫРМА
Включите аудио и выучите эти фразы:
Сізге қандай көмек көрсете аламын? Чем я могу вам помочь?
Эконом класс керек пе, әлде бизнес класс керек пе? Вам эконом класс нужен или бизнес класс?
Билеттердің бағасы қанша болады? Сколько будет стоимость билетов?
Астана қаласы арқылы ұшасыз. Полетите через Астану
Өкінішке орай. К сожалению
Мінеки, алыңыз! Вот, возьмите!
Жергілікті уақыт бойынша. По местному времени
Сәт сапар! Счастливого пути!

4-ТАПСЫРМА
Попробуйте купить авиабилет, составьте диалог, используйте шаблоны.

❗️Когда покупаем билет, используем конструкцию
"Маған ..... қаласына билет керек еді".
(еді-бы, смягчает слово керек, чтобы не звучало грубо НАДО).

Например:

Маған Ақтау қаласына билет керек еді.

❗️Когда говорим дату, то к месяцу добавляем суффиксы направления -ға/-ге/-қа/-ке.

Например:

5-наурыз+ға (произносим бесінші наурызға) (на 5 марта),
12-шілде+ге (он екінші шілдеге) (на 12 июля)

❗️Если хотите купить билет в одну сторону, то говорите
"бір бағытқа", если туда и обратно то "баруға-қайтуға".

Например:

Маған Ақтөбе қаласына бір бағытқа билет керек еді.
Маған Ақтөбе қаласына баруға-қайтуға билет керек еді.

❗️Если билет оформляете на одного человека или на двоих, то к слову адам добавляете направительные суффиксы -ға/-ге/-қа/-ке.

Например:

Бір адамға
Екі адамға
Үш адамға


❗️Если желаете полететь через какой-то город, то используете слово арқылы.

Например:

Алматы арқылы (через Алматы)
Ақтау арқылы (через Ақтау)

❗️ТЕПЕРЬ ВСЕ СОБИРАЕМ: ЕСЛИ ЗАМЕТИЛИ, МЫ В ОСНОВНОМ ИСПОЛЬЗУЕМ НАПРАВИТЕЛЬНЫЕ СУФФИКСЫ -ҒА/-ГЕ/-ҚА/-КЕ/

Маған Ақтау+ға или Ақтау қаласы+на, 3-шілде+ге, екі адам+ға, бір бағыт+қа или бару+ға - қайту+ға билеттер керек еді.

5-ТАПСЫРМА
Посмотрите отрывок из фильма

Made on
Tilda