Tilda Publishing
МАРАФОН ПО
День 10
КАЗАХСКОМУ ЯЗЫКУ
Тапсырыс беру
Вопросительные предложения
1-ТАПСЫРМА
Сәлем, сәлем!
Бүгінгі күн керемет өтсін!


а) Посмотрите объяснение грамматики:
КІМ? КТО?
Атың кім?

НЕ? ЧТО?
Не жаңалық?

НЕГЕ? ПОЧЕМУ?/ЗАЧЕМ?
Неге көңілсізсің?

НЕМЕН? НА ЧЕМ?
Астанаға немен барасың?

ҚАЙДА? ГДЕ?/КУДА?
Қайда тұрасың? Қайда барасың?

ҚАЙДАН? ОТКУДА?
Қайдан келдің?

ҚАШАН? КОГДА?
Қашан карантин бітеді?

ҚАНШАДА? ВО СКОЛЬКО?
Үйге қаншада келесің?

ҚАНША? СКОЛЬКО?
Алма қанша тұрады?

ҚАНДАЙ? КАКОЙ?
Саған қандай кітап керек?

ҚАЛАЙ? КАК?
Қалың қалай?


ә) Вставьте вопросительные местоимения вместо точек:

Қашан, неге, қандай, немен, кім, қайдан

1. Еркін ..... келді? Ол Қытайдан келді.
2. Сен Атырауға .... барасың? Ұшақпен барамын.
3. Үйге .... келді? Ешкім келмеді.
4. Сіздің балаңыз Еуропаға .... барады? Бір айдан кейін барады.
5. Сіз .... кеше жұмысқа келмедіңіз? Себебі мен ауырып қалдым.
6. Мына палаудың дәмі .....? Өте дәмді.


б) Составьте 8 вопросительных предложений с вопросительными местоимениями.

✔️Образец:

1. Сен қашан ұйықтайсың?
2. Сіз кеше қайда бардыңыз?

2-ТАПСЫРМА
Послушайте аудио и выучите фразы. Как только выучите отправьте преподавателю в голосовое сообщение.

Тапсырыс беруге бола ма? Можно заказать?
Сізде жеткізу қызметі бар ма? У вас есть услуга доставки?
Сізде жеңілдік бар ма? У вас есть скидка?
Жеткізумен бағасы қанша болады? Сколько будет цена с доставкой?
Бағасы қанша тұрады? Сколько стоит?
Картамен төлеуге бола ма? Можно картой оплатить?
Қанша минутта жеткізесіз? Через сколько доставите?
Тапсырыс үшін көп рахмет! Большое спасибо за заказ!
3-ТАПСЫРМА
а) Включите аудио и параллельно следите за текстом. Обратите внимание на вопросительные предложения.

- Алло!
- Алло! Сәлеметсіз бе!
- Сәлеметсіз бе!
- Сіздерде тамақты жеткізу қызметі бар ма?
- Әрине, бар. Қандай тамаққа тапсырыс бересіз?
- Пицца мен сушиге тапсырыс беремін. Сіздерде жеңілдік бар ма?
- Иә, қазір бізде жақсы жеңілдік бар, егер екі пицца алсаңыз, 10 дана суши тегін.
- Ааа, жақсы екен. Жеткізумен бағасы қанша болады?
- Жеткізумен бағасы 3700тг болады.
- Жақсы, ал қанша минутта жеткізесіз?
- Шамамен 40-50 минутта.
- Жарайды, ендеше мен тапсырыс беремін. Сізде каспиймен төлеуге бола ма?
- Иә, әрине.
- Нөмеріңізді айтасыз ба?
- 8-776-342-78-99
- Төледім.
- Рахмет! Мекен жайыңызды айтасыз ба?
- Төле би көшесі 76-үй, 4-подьезд, 5-қабат, 56-пәтер.
- Тапсырыс үшін көп рахмет!
- Сіздерге де көп рахмет!

ә) Еще раз послушайте аудио и ответье на следующие вопросы:

1. Кафеде тамақты жеткізу қызметі бар ма?
2. Жігіт қандай тамаққа тапсырыс берді?
3. Кафеде жеңілдік бар ма? Ол қандай жеңілдік?
4. Пицца мен сушидің жеткізумен бағасы қанша болады?
5. Жігіт ақшаны қалай төледі?
6. Тапсырыс қанша минутта келеді?
7. Жігіттің мекен жайы қандай?

Made on
Tilda