- Алло!
- Алло! Сәлеметсіз бе!
- Сәлеметсіз бе!
- Сіздерде тамақты жеткізу қызметі бар ма?
- Әрине, бар. Қандай тамаққа тапсырыс бересіз?
- Пицца мен сушиге тапсырыс беремін. Сіздерде жеңілдік бар ма?
- Иә, қазір бізде жақсы жеңілдік бар, егер екі пицца алсаңыз, 10 дана суши тегін.
- Ааа, жақсы екен. Жеткізумен бағасы қанша болады?
- Жеткізумен бағасы 3700тг болады.
- Жақсы, ал қанша минутта жеткізесіз?
- Шамамен 40-50 минутта.
- Жарайды, ендеше мен тапсырыс беремін. Сізде каспиймен төлеуге бола ма?
- Иә, әрине.
- Нөмеріңізді айтасыз ба?
- 8-776-342-78-99
- Төледім.
- Рахмет! Мекен жайыңызды айтасыз ба?
- Төле би көшесі 76-үй, 4-подьезд, 5-қабат, 56-пәтер.
- Тапсырыс үшін көп рахмет!
- Сіздерге де көп рахмет!
ә) Еще раз послушайте аудио и ответье на следующие вопросы:
1. Кафеде тамақты жеткізу қызметі бар ма?
2. Жігіт қандай тамаққа тапсырыс берді?
3. Кафеде жеңілдік бар ма? Ол қандай жеңілдік?
4. Пицца мен сушидің жеткізумен бағасы қанша болады?
5. Жігіт ақшаны қалай төледі?
6. Тапсырыс қанша минутта келеді?
7. Жігіттің мекен жайы қандай?