Tilda Publishing
Учи казахский
онлайн с Qazline!


5-сабақ

1-ТАПСЫРМА
Аудионы қосып, мәтінді бірге оқыңыз. Мұғалімнің дикциясын қайталауға тырысыңыз.

❗️Өзіңізге ұнаған 5 сөйлемді мұғалімге дұрыстап, әдемілеп оқып беріңіз.

АЛ СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?

▪️ Барлық фастфуд тағамдарының дәмі бірдей болатынын байқаған шығарсыз? Ендеше оның сыры мынада. Адамдарға ащы, тәтті тағамдар ұнайды. Сол себепті фастфуд жасаушылар өз өнімдерінің барлық адамға ұнағанын қалайды. Сондықтан барлық дәмді біріктіруге тырысады.

▪️ Бургерлер әп-сәтте әзірленеді. Бургердің құрамындағы ет 30 секундта дайын болады. Себебі ет аспаздың қолына түскенге дейін әбден қатырылып, қуыруға дайын.

▪️ Фастфудты ұзақ шайнап отыру қажет емес. Жеуге де, қорытуға да жеңіл. Зерттеулерге сәйкес, дені сау адам тағамды орта есеппен 12 рет шайнауы керек. Ал сіз бургерді 12 рет шайнап көрдіңіз бе? Жылдам дайындалатын тағам жылдам желінеді, демек тез және көп тамақтануға әкеп соғады.

▪️ Қызыл, сары түстер фастфудта жиі қолданылады. Олар адамның тәбетін оятып, қызықтырып тұрады. Кейде мұны "кетчуп пен қышаның (горчица)" түсі деп те атайды. Бұл дәмдеуіштердің тәбет шақыратыны айтпаса да белгілі.

▪️ Ғалымдар ұсынған нәрседен бас тарту қиын екенін анықтады. Кез келген адам фастфуд алғанда ойлағанынан көбірек алады. Зерттеулерге сүйенсек, тұтынушылардың 85 пайызы "Дәмін көресіз бе?", "Қосып берейін" деген сөздерден бас тарта алмайтын көрінеді. Себебі сатушылар фастфудқа қосымша тағы бірдеңе алуды ұсынады.

▪️ Сусындар сатылымын арттырудың ең қарапайым тәсілі – әр порцияның көлемін көбейту. Мәселен коланың ең үлкенін ойлап табу. Ал адамдар әр кез орташасына жүгіреді. Шын мәнінде бұл сатылымды арттырудың таптырмас тәсілі.

2-ТАПСЫРМА
а) Мәтінді оқып болғаннан кейін мәтін туралы ойыңызды 3-ке бөліп айтыңыз.

▪️ Мен білдім
▪️ Мен білмедім
▪️ Мен таң қалдым.

ә) Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Сіз фастфуд тағамдарымен жиі тамақтанасыз ба?
2. Сізге жоғарыдағы ақпарат пайдалы болды ма?
3. Жоғарыдағы ақпарат сізді фастфуд жеуден тыяды ма?
4. Соңғы рет фастфудты қашан жедіңіз?

3-ТАПСЫРМА
а) Төмендегі сөздерді мағыналас (синоним) сөздермен сәйкестендіріңіз.

1. әп-сәтте
2. әзірлеу
3. сыр
4. тәсіл
5. қарапайым
а) құпия
ә) амал
б) дайындау
в) тез
г) оңай

ә)Төмендегі күрделі етістіктердің орысша аудармасын жазыңыз.

1. әкеп соғу
2. ойлап табу
3. біріктіруге тырысу
4. тәбетті ояту
5. көлемін арттыру
6. бас тартпау

4-ТАПСЫРМА
Аудионы қосып, бір уақытта диалог мәтініне қараңыз. Осы диалогты мұғалімге оқып беріңіз:
- Алло!
- Алло! Сәлеметсіз бе!
- Сәлеметсіз бе!
- Сіздерде тамақты жеткізу қызметі бар ма?
- Әрине, бар. Қандай тамаққа тапсырыс бересіз?
- Пицца мен сушиге тапсырыс беремін. Сіздерде жеңілдік бар ма?
- Иә, қазір бізде жақсы жеңілдік бар, егер екі пицца алсаңыз, 10 дана суши тегін.
- Ааа, жақсы екен. Жеткізумен бағасы қанша болады?
- Жеткізумен бағасы 3700тг болады.
- Жақсы, ал қанша минутта жеткізесіз?
- Шамамен 40-50 минутта.
- Жарайды, ендеше мен тапсырыс беремін. Сізде каспиймен төлеуге бола ма?
- Иә, әрине.
- Нөмеріңізді айтасыз ба?
- 8-776-342-78-99
- Төледім.
- Рахмет! Мекен жайыңызды айтасыз ба?
- Төле би көшесі 76-үй, 4-подьезд, 5-қабат, 56-пәтер.
- Тапсырыс үшін көп рахмет!
- Сіздерге де көп рахмет!

5-ТАПСЫРМА
Үзінді қараңыз.

Made on
Tilda