Tilda Publishing
Учи казахский
онлайн с Qazline!


11-сабақ
1-ТАПСЫРМА
Қайырлы таң!
Қалай ұйықтадыңыздар?

а) Аудионы қосып, нүктелердің орнына жетіспейтін сөздерді қойыңыз:

Банан туралы қызықты дерек

Банан депрессиямен күресуде ..... Оның құрамында триптофана бар. Бұл триптофаннан ...... гормоны серотонин синтезделеді. Сондықтан бір банан арқылы ....... жақсартуға болады.

Банан ...... аллергия тудырмайтын жалғыз ғана жеміс.
Ол ........ қатайтады. Банан жеген кезде ........ кальций жиналады.

Банан асқазандағы изжога сияқты ....... жағдайдан құтылуға көмектеседі.

Қаны ..... үшін бананды көп мөлшерде жеу керек. Оның құрамында ...... айтарлықтай көп болады, сондықтан анемиясы бар адамдардың ....... рационына бананды міндетті түрде ...... керек.

Бананның ........ калий өте көп. Ал калий адамға жаңа ....... алуға жақсы көмектеседі. Сол себепті сабақ оқу немесе ........ дайындалу кезінде бананды жеу өте ........

ә) Осы сөздермен сөйлемдерді құраңыз:

Сондықтан/сол себепті/ сол үшін - поэтому.
М-ы: Амина кеше қатты ауырды, сол үшін ол сабаққа келмеді.

Жалғыз - единственный
М-ы: Әсет отбасында жалғыз бала.

Міндетті түрде - обязательно
М-ы: Сіз ертең жұмысқа міндетті түрде келіңіз.

Үшін - для, ради, из-за, чтобы
М-ы:
Бұл гүлді сен үшін алдым. Эти цветы я купил для тебя.
Мен анам үшін тырысамын. Я стараюсь ради мамы.
Мен сіз үшін жұмыстан кешіктім. Я из-за тебя опоздал на работу.
Бай болу үшін баспен жұмыс істеу керек. Чтобы быть богатым нужно работать головой (шевелить мозгами)

Арқылы - через, с помощью
М-ы:
Мен Астанаға тауарды почта арқылы беріп жібердім. Я передала товар через почту.
Мен каспиголдпен төлеу арқылы
уақытымды үнемдедім. Я с помощью оплаты каспиголд сэкономила время.

2-ТАПСЫРМА
а) Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Триптофаннан қандай гормон синтезделеді?
2. Бір банан арқылы нені жақсартуға болады?
3. Банан аллергия тудыра ма?
4. Банан изжогадан құтылуға көмектесе ме?
5. Анемиясы бар адамдар не істеу керек?
6. Бананның құрамында калий адамға қалай көмектеседі?

ә) Наберите в интернете банан туралы дерек и расскажите преподавателю еще 3-4 интересных фактов о банане.

3-ТАПСЫРМА
Формулаға назар аударыңыз, әр формулаға 5 сөйлем құраңыз.

ГЛАГОЛ + У + ҒА/ГЕ + БОЛАДЫ = можно что-то делать/сделать

Саған кәмпит жеуге болады./Тебе можно есть конфету.
Саған кәмпит жеуге болмайды./Тебе нельзя есть конфету.
Саған кәмпит жеуге бола ма?/Тебе можно есть конфету?

ГЛАГОЛ + У + ҒА/ГЕ + КӨМЕКТЕСЕДІ = помогает что-то делать/сделать

Мен әжеме үй жинауға көмектесемін./Я помогаю бабушке убраться по дому (с уборкой).
Арман інісіне сабақ оқуға көмектеспейді./Арман не помогает учить уроки братишке.(с уроками)
Сен маған қоқыс шығаруға көмектесесің бе?/Ты поможешь мне вынести мусор?

Made on
Tilda