Tilda Publishing
ПОЛНЫЙ КУРС
10-сабақ
КАЗАХСКОМУ ЯЗЫКУ


1-ТАПСЫРМА
Амансыздар ма? Жағдайларыңыз жақсы ма?
Осы апта барлықтарыңызға жемісті апта болсын!

Тыңдаңыз және бос орынға тиісті сөзді қойыңыз:
✔️ Адам ағзасына қатысты қызықты мәліметтер

1. Адамның шашы .......... 725 келіге дейін өседі;

2. Күлгенде 17 ........... қимылдайды;

3. Адам ДНҚ-сында 80 000-дай ген болады;

4. Кісінің ........... бүкіл өмір бойы шамамен 25 миллион рет бүгіледі;

5. Адам жүрегінің көлемі оның ......... болады;

6. .............. өмір сүретін бактериялардың жалпы салмағы 2 келі болады;

7. Адам миында бір секундта 100 000 химиялық реакция өтеді;

8. Адам миында туғанынан 14 миллиардтай жасуша болады және ............ ол көбеймейді. .............., 25 жастан кейін күніне 100 мыңға азайып отырады. Кітап, газет оқуға кеткен әр минутта шамамен ........... өліп отырады;

9. Еркектер әйелдерге қарағанда 40 пайыздай ...........терлейді;

10. ............. күніне шамамен 23 000 рет дем алады (шығарады);

11. Адам көзі 10 000 000 түрлі түсті .............. қабілетті;

12. Аузымызда 40 000-дай бактерия болады екен;

13. Көзді ашып .......... мүмкін емес;

14. Әйелдер көздерін еркектерге қарағанда ........ көп жыпылықтатады;

15. Ағзадағы ең мықты бұлшық ет — ........;

16. 36 800 000 — бір ............. адамдағы жүрек соғу саны;

17. Қолдың тырнағы аяқтағымен .............. 4 есе жылдам шығады;

18. Бар өмірінде .......... 1000 рет ауысады;

19. ............. 50 пайызын су құрайды.
2-ТАПСЫРМА
1-тапсырмадағы 9 бен 14-деректерге мән беріңіз.

Сол деректердің грамматикасына назар аударыңыз.


Зат есім + (барыс септік) ға/ге/қа/ке/а/е/на/не + қарағанда

Грамматикасын пайдаланып тағы 5 сөйлем құраңыз.

Зат есім + көмектес септік (мен/бен/пен) + салыстырғанда

грамматикасын пайдаланып 5 сөйлем жазыңыз.
Бұл екі грамматиканың мағынасы бірдей.

Мысалы:
Сәбилер үлкендер+ге қарағанда көбірек ұйықтайды.
Сәбилер үлкендер+мен салыстырғанда көбірек ұйықтайды.
3-ТАПСЫРМА
Суретке қараңыз және сөздерді суреттің нөмерімен сәйкестендіріңіз.

Сөздер: терлеу, бұлшық ет, жұдырық, бүгу, жыпылықтату, түшкіру, ажырату, жасуша.
Made on
Tilda