Tilda Publishing
ПОЛНЫЙ КУРС
9-сабақ
КАЗАХСКОМУ ЯЗЫКУ


1-ТАПСЫРМА
Қайырлы таң!
Қалыңыз қалай?
Бүгін ауа райы қалай?
Бүгінгі күн сәтті өтсін!


а) Откройте ссылку.
ә) Добавьте глаголам суффиксы -ғанды/-генді/-қанды/-кенді

Мысалы: Мен жаяу жүр+генді (жүру) жақсы көремін.
Я люблю ходить пешком.

1. Мен (ән айту) жақсы көремін.
2. Мадина (торт пісіру) жақсы көреді.
4. Менің балам (мультик қарау) жақсы көреді.
5. Сен (кітап оқу) жақсы көресің бе?
6. Сіз (спортпен айналысу) жақсы көресіз бе?
7. Ол (видео монтаждау) жақсы көреді.
8. Арман (суретке түсу) жақсы көреді.
9. Олег (сурктке түсіру) жақсы көреді.
10. Мен (душқа түсу) жақсы көремін.
11. Мен (саяхаттау) жақсы көремін.
2-ТАПСЫРМА

а) Составьте 5 предложений на жақсы көремін, 5 предложений жақсы көрмеймін.

ә) Откройте ссылку, расскажите, кто чем любит заниматься.

3-ТАПСЫРМА
Включите аудио и параллельно следите за текстом.

Сәлем достар! Менің атым Жанна. Мен тұрмыстамын және қазір жұмыс істемеймін. Мен жұмыс істегім келмейді. Өзімді дамытқанды, тілдерді үйренгенді, саяхаттағанды жақсы көремін. Менің екі кішкентай балам бар. Екеуі де балабақшаға барады. Олар балабақшада болған кезде мен фитнеске барамын. Бос уақытымды өзіме және балаларыма арнағанды жақсы көремін. Бос уақытымда өзімнің "Youtube" каналыма кіремін, келген комментарийлерді оқимын, жауап жазамын, жаңа видеоларды жүктеймін. Көптеген жас аналар мен қыздар менен үлгі алады. Мен олар үшін тырысамын. Жақын арада өзімнің сұлулық студиямды ашқым келеді.

Ответьте на следующие вопросы:

1. Жанна тұрмыста ма? Ол қазір не істейді?
2. Ол не істегенді жақсы көреді?
3. Балалары балабақшада болған кезде ол не істейді?
4. Бос уақытында ол не істейді?
5. Жанна кім үшін тырысады?
6. Жақында ол не істегісі келеді?
Made on
Tilda