Tilda Publishing
ПОЛНЫЙ КУРС
8-сабақ
КАЗАХСКОМУ ЯЗЫКУ


1-ТАПСЫРМА
Қайырлы таң!
Қалдарыңыз қалай?


Прочитайте текст. Переведите черным выделенные слова.

Леонардо Ди Каприоның есімін атақты суретші Леонардо да Винчидің құрметіне анасы қойған. Себебі анасы галлереядан атақты суретшінің жұмыстарын қарап жүргенде, ол анасының құрсағында жатып, алғаш рет қозғалған.

Леонардо Ди Каприо қарапайым мектепті ғана бітірген. Ол ешқандай Жоғарғы оқу орнын бітірмеген.

Леонардо Ди Каприоға шынайы атақ "Титаник" фильмінен кейін келді. Сол фильмнен кейін ол Голливудтағы жоғары төлемді (бір киноға 20 млн. доллар) актерлардың қатарына кірді.

Леонардо Ди Каприоның әкесіне "Титаникке" қарағанда "Ромено мен Джульетта" фильмі көбірек ұнайды, сонымен қатар оның ойынша, актер бұл кинода өз рөлін керемет ойнап шықты.

Леоның жаман әдеті: ол тырнағын тістейді.

Леонардо Ди Каприо әріптесі Кейт Уинслетке сьемкада жазуы бар жүзік сыйлаған. Актриса сол жүзікті еш уақытта шешпеген. Ал жүзікте не жазылғаны туралы Кейттен басқа ешкім білмейді.

Жаңа сөздер:

Құрмет
Құрсақ
Алғаш рет
Шынайы атақ
Жоғары төлемді
Қатарына кіру
Әдет
Әріптес
Жүзік
Басқа

2-ТАПСЫРМА
Послушайте вопросы и ответы на них расскажите преподавателю.
3-ТАПСЫРМА
Составьте по 3 предложения на каждую конструкцию.

♦️ Существительное + -ның/-нің/-дың/-дің/-тың/-тің + құрметіне = в честь кого-то.

Мысалы:

Абай Құнанбаев+тың құрметіне ескерткіш салынды.
В честь Абая Кунанбаева поставили памятник.

♦️ Алғаш рет + глагол = Впервые, в первый раз что-то сделал

Мысалы:

Азамат алғаш рет ұшақпен ұшты.
Азамат в первый раз полетел на самолете.

♦️ Существительное + -ға/-ге/-қа/-ке + қарағанда =
Что-то чем это

Мысалы:

Тойота Лексус+ке қарағанда арзанырақ тұрады.
Тойота дешевле чем Лексус.
Made on
Tilda