Tilda Publishing
ПОЛНЫЙ КУРС
6-сабақ
КАЗАХСКОМУ ЯЗЫКУ


1-ТАПСЫРМА
Сәлем, сәлем!
Қалайсыздар?
Не жаңалық?


Включите аудио и параллельно следите за текстом:
Стив Джобс: «Егер сіздер бес сағаттың ішінде жақсы есім ұсына алмасаңыздар, мен компанияның атын Apple (Алма) деп атаймын".

Nike белгісінің дизайны небәрі 35 долларға жасалған.

Смокингтердің 20 пайызы мамыр айында жалға алынады.

Microsoft корпорациясы бірінші жылы $16 005 табыс тапқан.

Sony компаниясының алғашқы өнімі – ас үй плитасы.

Walt Disney компаниясы күніне шамамен 120 000 келі қоқыс шығарады.

M&M кәмпиттері Mars&Murrie деген мағына береді.

Ең алғашқы жарнама 1477 жылы Англияда орнатылған.

Apple-дың бірінші логотипінде Исаак Ньютонның суреті бейнеленген екен.

Супермаркеттерде балаларға арналған тауарлар әдейі төменірек орналасады.

«American Airlines» компаниясы бірінші класс жолаушыларының тамағынан бір ғана зәйтүнді алып тастау арқылы 40 000 доллар ақшаны үнемдеген.

«Haррy birthday to you» әні авторлық құқық қорғауына алынған музыка.

Бір кубометр ағаштан жарты миллион тіс шұқығыш таяқшалары
жасалынады.

Қытай мақал-мәтелі: «Кімде кім күлімсіремесе, ол адам сауда-саттықпен айналыспауы керек.
2-ТАПСЫРМА
1. Перескажите из текста 5 интересных фактов преподавателю.

2. Найдите предложения с условным наклонением (Если).

3. Переведите следующие глаголы


ұсыну
жалға алыну
табыс табу
қоқыс шығару
орнатылу
бейнелену
орналасу
алып тастау
үнемдеу
күлімсіреу

4. Составьте с этими же глаголами предложения.
3-ТАПСЫРМА
Выберите правильный вариант:

1. «Егер сіздер ....... ішінде жақсы есім ұсына алмасаңыздар, мен компанияның атын Apple (Алма) деп атаймын».

a) 3 сағат
b) 5 сағат
c) 2 сағат

2. Nike белгісінің дизайны небәрі ...... долларға жасалған.

a) 30 доллар
b) 33 доллар
c) 35 доллар

3. Sony компаниясының алғашқы өнімі .....

a) Ас плитасы
b) Компьютер
c) Телефон

4. Қай компания күніне шамамен 120 000 келі қоқыс шығарады?

a) Sony
b) Apple
c) Walt Disney

5. Ең алғашқы жарнама 1477 жылы қайда орнатылған?

a) Францияда
b) Англияда
c) Қытайда

6. Қытай мақал-мәтелі: «Кімде кім күлімсіремесе, ол адам ........айналыспауы тиіс.

a) Бизнеспен
b) Сауда-саттықпен
c) Спортпен
Made on
Tilda