Tilda Publishing
ПОЛНЫЙ КУРС
12-сабақ
КАЗАХСКОМУ ЯЗЫКУ


1-ТАПСЫРМА
Қайырлы таң!
Қалдарыңыз қалай?
Бүгінгі күн берекелі өтсін!


Посмотрите видео.

Әр халықтың қонақжайлылығы туралы айтайық. Көптеген халықтың қонақ күтуге арналған дәстүрлері бар.

Егер сізді Жапонияда қонаққа шақырса, бұл үлкен құрмет. Себебі бұл елде үйлер өте кішкентай. Сондықтан олар тек маңызды жағдайларда ғана қонаққа шақырады. Үйге кірген кезде ағаштан жасалған аяқ киім беріледі, оны шығарда ғана шешесіз. Және қонаққа сыйлық апару міндет.

Ал Малайзияда қонаққа міндетті түрде кофе, шәй және тәтті-пәтті ұсынылады.

Боливияда қонақ болсаңыз, сіз жалғыз тамақ ішесіз. Ал дастарханға тек жақын адамдар ғана отырады.

Ал Еуропада қонаққа барғанда тамақты өзіңізбен бірге апарасыз.

Канадалықтар қонақпен туған-туысындай сөйлеседі екен.

Грузиялықтарда «Қонақ құдайдан жіберілді» деген сөз бар. Мұнда қонаққа ең жақсы жағдай жасалады.

Переведите черным выделенные слова.
2-ТАПСЫРМА
Ответьте на следующие вопросы:

1. Жапонияда қонақты қалай күтеді?

А) қонақ шақыру ұят, өйткені ондай дәстүр жоқ
Ә) қонақты өз пайдасы үшін шақырады
Б) қонаққа келген адамға аяқ-киім береді, сый көрсетеді

2. Еуропада ше?

А) келген қонақтар үй иесімен бірге тамақ істейді
Ә) қонақтар өз тамағын алып келеді
Б) Еуропада қонақ шақыру дәстүрі жоқ

3. Қазақ халқы қонақты қалай күтеді?

А) қазақ халқы дастархан жайып, ет асады.
Ә) қонақтарды күтуді жақсы көрмейді
Б) қонақтармен бірге отырмайды
3-ТАПСЫРМА
Перескажите этот текст преподавателю. Расскажите о других старанах как они встречают гостей.
4-ТАПСЫРМА
Включите аудио и выучите фразы. Перескажите преподавателю в аудио формате.
Қош келдіңіздер! Добро пожаловать!
Қош көрдік! Добро пожаловали! (ответ на "Қош келдіңіздер!")
Үй іші қалай? Как домашние?
Бала-шаға аман ба? Как дети?
Келіп тұрыңыздар! Үй осы! Приходите еще! Вот дом!
Сіздерге есік әрдайым ашық! Вам двери всегда открыты!
Бәріне сәлем айтыңыз! Всем передайте привет!
Хабарласып тұрыңыз! Звоните! Будьте на связи!
Made on
Tilda