Tilda Publishing
Учи казахский
онлайн с Qazline!


Әйел құқығы

1-ТАПСЫРМА
Видеосабақты көріңіз:

2-ТАПСЫРМА
Видеоны көріп, сұрақтарға жауап беріңіз.

3-ТАПСЫРМА
Мәтінді оқыңыз. Мәтіннің мазмұнын мұғалімге айтып беріңіз.

Әйел құқығы - ол адам құқығы, олар әйелдердің әлеуметтік, экономикалық, мәдени, азаматтық және саяси мәртебесін белгілейді. Олар әйелдердің кемсітуге ұшырамауына кепілдік береді.
Бұрын «әйел теңдігі» ұғымы басты мәселе болса, бүгінгі күні ол «гендерлік теңдік» деген үлкен саясатқа ұласып, мемлекет басшысының қолдауымен осы гендерлік теңдік аясында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң тек әйелдерге ғана емес, отбасының басқа да мүшелерінің тең құқықтарын сақтап, тұрмыстағы, қысымды болдырмауға ықпал етеді.
Жалпы, гендерлік саясат — әйелді атқа мінгізіп, төрге сүйреп, еркектің басын көрге сүйрейтін саясат емес, керісінше екі жұптың теңдігін сақтау, іскерлік қарым-қабілеті мол әйелге қолдау көрсету. Яғни, ер адамдар тарапынан болатын жағымсыз әрекеттерге заңмен тосқауыл қою арқылы ерлерінен жәбір көретін әйелдерді қолдап, отбасында тепе-теңдік пен үйлесімділік орнату.
Бүгінгі таңда біз білетін қазіргі әйел бейнесінің қыры көп. Айталық, әйел — саясаткер, әйел — көлік жүргізуші, әйел — бала тәрбиелеуші, әйел — үй күтуші, әйел — заңгер, әйел — экономист, әйел…тізімді әрі қарай жалғастыра беруге болады. Әрине, әйел, ең бастысы — ана.
Қазақстан бәсекеге қабілетті елдер қатарында мәңгі тұрақтануы үшін әйел мен еркектердің барлығы бәсекеге қабілетті болуы керек. Яғни, біз басқа мемлекеттерден мәдениет, білім, ғылым жағынан артта қалмауға тиіспіз.

Жаңа сөздерді Quizlet-пен жаттап алыңыз.


4-ТАПСЫРМА
Төмендегі цитаталарды оқып, оларды талдаңыз. Мұғалімге аудио форматта жіберіңіз.
Мысалы, мен бұл цитатамен келісемін\келіспеймін, себебі ... .

5-ТАПСЫРМА
Cериалдың бірінші бөлімін көріңіз.
Сериал сізге ұнады ма? Неге?

Made on
Tilda