Tilda Publishing
Учи казахский
онлайн с Qazline!


29-сабақ


1-ТАПСЫРМА
Видеосабақты көріңіз.

2-ТАПСЫРМА
Оқушылардың күн тәртібін айтып беріңіз.

3-ТАПСЫРМА
Әлем жаңалықтарымен танысыңыз.


Жапония 2025 жылдан бастап ұшатын көліктер пайдалануды жоспарлап отыр

2025 жылдан бастап жапониялық Japan Airlines авиакомпаниясы ұшатын автомобильдерді пайдалана бастауды жоспарлап отыр.

Көліктердің жобасын 2020 жылдан бастап жасай бастады. Зерттеушілердің айтуынша, 3 жылдан бері көліктің жобасы 10 рет өзгертілген. Көлікке тек қана екі жолаушы отыра алады. Автокөліктер 35 шақырым қашықтықта ұша алады. Олардың жылдамдығы - сағатына 110 шақырым. Алғашында машиналар жолаушыларды тек әуежай мен туристік орындар арасында ғана тасымалдайды.


Осы жылдан Оңтүстік Кореяда жаяу жүргіншілер телефон пайдалана алмайды. Комиссия мүшелері бұл жаңалықты "смартфон зомбилеріне қарсы күресу" деп атады. Олар жаяу жүргенде көзін телефоннан алмайтындықтан жол-көлік оқиғаларына ұшырап, жарақат алады.


Оңтүстік Кореяның ішкі істер және қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, соңғы 2017 жылдан бері жарақат алу бес есеге өсті. Бұлардың 40 пайызы 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер болып табылады. Оған себеп - адамдардың телефонды үнемі ұстап жүруі. Сол себепті үлкен қалаларда адамдар көшеде, жолдан өткенде телефон ұстай алмайды. Ұстаса, оларға үлкен айыппұл салынады.


Жаңа сөздерді QUIZLET арқылы жаттап алыңыз.

4-ТАПСЫРМА
Мультфильмді көріңіз. Сөйлемдерді толықтырыңыз. Видеоның соңында жаңа сөздерге түсіндірме бар.

Made on
Tilda