Tilda Publishing
Учи казахский
онлайн с Qazline!


25-сабақ

1-ТАПСЫРМА
Видеоны көріп, тапсырмаларды орындаңыз.

2-ТАПСЫРМА
Ертегілерді оқыңыз. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырып, ертегінің мазмұнын мұғалімге айтып беріңіз.
1-ертегі

Қасқыр мен кемпір


Қасқыр тамақ іздеп ауылға келді. Жайлап тыңдай бастады.

Шеттегі үйде бір бала жылап жатыр екен. Оған кемпір: "Жылама, әйтпесе сені қасқырға беремін. Қасқыр сені жеп қояды", – деді.

Қасқыр мұны естіп, түні бойы күтеді. Түнде бала тағы жылады.

"Қой, балам, жылама, сені қасқырға бермейміз. Қасқыр келсе оны өлтіреміз" , деді.

"Мына кемпір өтірік айтады екен" , – деп қасқыр кетіп қалды.


2-ертегі

Ақылды құмырсқа


Бір құмырсқа келе жатты. Алдынан адам шықты.

Ол адам барлық жануарлар мен құстармен сөйлесе алады екен.

– Сенің басың неге үлкен? – деп ол құмырсқадан сұрады.

– Себебі басымда ақыл көп.

– Сенің белің неге жіңішке?

– Себебі мен тамақты аз жеймін.

– Сен қанша тамақ жейсің?

– Бір бидайдың дәні маған бір жылға жетеді, – деп айтты құмырсқа.

Көреміз, бір дән бір жылға жете ме, жетпей ме?

Адам құмырсқаны ұстап алды да, бір дән беріп, қамап қойды.

Бір жыл өтті. Адам құмырсқаны ұмытып кетті.

Екі жыл өтті. Бір күні құмырсқа есіне түсті.

Құмырсқаны барып қараса, қасында жарты дән жатыр екен.

– Сен дән бір жылға ғана жетеді, – деп айттың ғой. – Екі жыл өтті, сенде әлі жарты дән бар! Ол қалай? – деп таңғалды адам.

– Мені қамап қойған ақымақ мені ұмытып кетуі мүмкін деп ойладым мен. Сондықтан аштан өлмеу үшін, мен дәнді екіге бөліп қойдым , – деп құмырсқа қашып кетті.


Мәтінде кездескен жаңа сөздерді QUIZLET қосымшасы арқылы есте сақтаңыз!

3-ТАПСЫРМА
Ертегі бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қасқыр тамақ іздеуге қайда келді?
  2. Бала жылағанда кемпір не деп айтты?
  3. Қасқыр не деп кетіп қалды?
  4. Құмырсқаның басы неге үлкен?
  5. Құмырсқа неге дәнді екіге бөліп қойды?
  6. Екінші ертегі қалай аяқталды?
  7. Сізге қай ертегі ұнады? Неге?

4-ТАПСЫРМА
Видеоны көріп, Айдын Жумаханның айтқанын төлеу сөзге айналдырыңыз.
Үлгі: Айдын Авиациялық академияда екінші курста оқитынын айтты.

Вы молодец! Выполнили все задания!

Дополнительно проработать материал урока Вам поможет рабочая тетрадь, скачать которую можно ниже.

Задания рабочей тетради для самостоятельной отработки, в конце есть ответы ко всем упражнениям.
Made on
Tilda