ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ ТУРАЛЫ 5 ӨТІРІК
мәтін 267 сөзден тұрады.
1. Сұлы жармасының ботқасы – ең пайдалы таңғы ас.
Сұлы жармасының ботқасын өзіңіз дайындасаңыз ғана пайдалы болмақ. Қайнаған суға қосылатын дайын ботқаның құрамында көмірсулар көп. Ол жеміс-жидек пен бал қосқан сайын көбейіп отырады. Сондықтан егер шынымен де пайдалы тамақ жегіңіз келсе, ерінбей жеке сұлыны сатып алып, ботқаны өз қолыңызбен пісіріңіз.
2. Кез келген көкөніс пайдалы.
Дұрыс тамақтанудың барлық ережелері мен ұсынылатын диеталарда көкөністердің пайдасын айтып, оны мүмкіндігінше көбірек жеуге кеңес береді. Бірақ біз көкөністі қай жерде және оны қалай өсірілетінін білмейміз. Шын мәнісінде көкөністердің құрамында пестицидтер немесе нитраттар бар. Ал кейбір көкөніс қандағы қант деңгейін көтеріп жібереді. Бұл ағзамыздың ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Кейбіреулер үшін бұл картоп болса, басқалары үшін бұл қызанақ. Сондықтан, олардың артықшылықтарын жоққа шығармасаңыз да, көкөністермен абай болу керек.
3. Кофе күні бойы сергек жүруге септігін тигізеді.
Кофе ішкеннен кейін қаншалықты сергек болатыныңыз ол ішілген қофенің мөлшеріне байланысты. Орташа алғанда, кофеин 15-тен 45 минутқа дейін қан айналымы жүйесі арқылы таралады және денені сергітеді. Келесі 5-6 сағат ішінде оның әсері азаяды. Кофе қандағы қантты ілезде көтеретіндіктен, ол уақытша ғана күш-қайрат сезімін тудырады.
4. Тамақты зәйтүн майына қуыруға болмайды.
Зәйтүн майында тағам толық қуырылмайды деген қате түсінік бар. Зәйтүн майының қыздырылуы 190 ° C. Бұл температурада барлық тағам оңай қуырылады. Зәйтүн майының пайдалы екені рас, дегенмен ол асыра айтылған.
5. Теңіз тұзы ас тұзына қарағанда пайдалы.
Теңіз тұзы ас тұзынан пайдалы деп жиі естиміз. Ас тұзы да, теңіз тұзы да теңіздегі тұзды шөгінділерден алынады. Ас тұзы ұнтақталып, қоспалардан тазартылса, теңіз тұзының құрамында микроэлементтердің бөлшектері қалады. Бірақ ас тұзы йодпен байытылады. Йодтың жетіспеушілігі денсаулықтың ауыр проблемаларына әкелуі мүмкін. Ал теңіз тұзында пайдалы қоспалармен бірге зиянды, ауыр металдар болуы мүмкін.