Tilda Publishing
Учи казахский
онлайн с Qazline!


12-сабақ

1-ТАПСЫРМА
Сәлем, сәлем!
Қалайсыздар?

Послушайте аудио и вставьте цифры в место точек.
Расскажите о себе также.

1-диалог:

- Аты-жөніңіз кім?
- Айдаров Марат Кенжеханұлы.
- Туған жылыңыз?
- .........
- Мекен жайыңыз:
- Алматы қаласы, Бағанашыл ауылы, ....... үй.
- Телефон нөміріңіз:
- .............
- Жақсы, рахмет.
2-диалог:

- Кешіріңіз, сіздің телефон нөмеріңіз қандай?
- Менің телефон нөмерім ............... Ал сіздің телефон нөмеріңіз қандай?
- Менің телефон нөмерім .........
- Жақсы, рахмет! Ватсап осы нөмерде ме?
- Иә, иә. Осы нөмерде.
- Жақсы, енді хабарласып тұрамыз.
- Иә, әрине!

2-ТАПСЫРМА
а) Учим местоимения по шаблонам.

1. Мен СЕНІ жақсы көремін
Я тебя люблю.

Кімді? Кого?
Мені - меня
Сені - тебя
Сізді - вас
Оны - его/её.

2. МАҒАН БЕРШІ
Мне дай.

Кімге? Кому?
Маған - мне
Саған - тебе
Сізге - вам
Оған - ему/ей

3. МЕНДЕ ақша бар
У меня есть деньги

Кімде? У кого?
Менде - у меня
Сенде - у тебя
Сізде - у вас
Ода - у него/неё

4. МЕНІМЕН барасың ба?
Пойдешь со мной?

Кіммен? С Кем?
Менімен - со мной
Сенімен - с тобой
Сізбен - с вами
Онымен - с ним/с ней

ә) Составьте предложения с местоимениями:

маған, мені, оны, менімен, оған, сізге, менде, сізде, сенімен, сізбен, ода, саған

3-ТАПСЫРМА
Вставьте нужные местоимения в место точек:

1. Мен ..... кеше магнумнан көрдім.
2. Ол .... сөйлескісі келмейді.
3. Бұл кітап .... ұнамайды.
4. .... қанша кітап бар?
5. Ертең ..... киноға барасың ба?
6. Сен .... хабарластың ба?
7. .... электрондық почта бар ма?
8. Мен ..... ертең жұмыстан кейін барамын.
9. Ол кеше ...... ешқайда бармады.
10. ..... бұл құжат керек пе?


4-ТАПСЫРМА
Посмотрите эпизоды несколько раз. Вставьте пропущенные слова.
- Тоқта! Айналайын, Динара, ______? Бұлай суғаруға болмайды ғой! Гүлдердің бәрі солып қалады. ______ бұның барлығы апамның жақсы көретін гүлдері.
- Сонда ______?
- Міне, былай, әкел! Алдымен, ақырындап, жақсылап _____ құйып аласың. Содан кейін олардың барлығымен жақсылап ______. Сонда күшті өсетін болады!
- ______!
- ______! Гүлдермен ______ деймін!
- Гүлдер, сендер сондай әдемісіңдер! Хош иістерің де ғажап!
- Болды, ______! Қалжыңдадым ғой! Тегі ішегімді қатырдың ғой!
Жарайды, әрі қарай суғара бер! ______.

- Тұра тұршы, тұра тұршы, ______?
- ______!
- Жаным, ______ химиялық заттарды қолданғанды ұнатпайды. ______! Міне, ас содасы, болмаса табиғи өнімдер.
- Жан, ______ а?!

- Қыздар, қарным ашып кетті! Тамақ ішейікші!
- Онда бір дәмді тағам әзірлейік.
- Қыздар, қойыңыздаршы! Өзім үшін тырысатын шама жоқ!
- Одан да бутерборд істеп жей салайық!
- Иә, рас!
- Қыздар, тапсырыс бере салуға болады ғой!
- Дұрыс, дұрыс, дұрыс! Күн сайын тамақ дайындап әбден жалығып кеттім!
- Қыздар, мен қазір хабарласып көрейінші, менде бір нөмір бар еді.
- Алло, сәлеметсіз бе! Бізде жеткізу қызметі тегін. Не қалайсыз?
- Аха, сәлеметсіз бе! "Не қалайсыз?" дейді.
- Пицца, пицца. Ааа, пицца беріңізші!
- Сізге қандай пицца? Маргарита, болоньезе, капричеза, төрт ірімшікті, цезарь.
- Қыздар, "цезарь" дейтін пицца бола ма не?
- Иә!
- Мәссаған, мен салат қана болады деп жүрсем.
- Тауық етінен алыңыз.
- Тауық етінен?
- Бізге онда тауық етінен беріңізші!
- Сосын суши
- Ааа, сосын суши!
- Жақсы, сізге қандай суши? Филадельфия, калифорния, унагимаки, темпура маки?
- "унарамаки, ....... дей ма, не дейді? Түк түсінбедім.
- Алло, сәлеметсіз бе!
- Сәлеметсіз бе! Тыңдап тұрмын, айта беріңіз!
- Бізге бір аригато, онымен қоса жаңа екі пицца сыйлыққа келеді ғой, иә?
- Әрине, міндетті түрде!
- Біз соған тапсырыс береміз.
- Жақсы, 20 минуттан кейін күтіңіз! Сау болыңыз!
- Сау болыңыз! Тапсырыс келе жатыр.
- Қыздар, "....." деген тамақ бола ма, түсінбедім? Мен ондай болатын болса "бесбармақ маки, шелпек маки, бауырсақ маки....." деп айта берсем болады екен ғой иә?
- Сізге бәрі де болады ғой!

Made on
Tilda