Tilda Publishing
Учи казахский
онлайн с Qazline!


22-сабақ

1-ТАПСЫРМА
Қайырлы күн!
Қалдарыңыз қалай?
Бүгінгі жемісті өтсін!

Мына жаңа сөздерді суреттермен сәйкестендіріңіз.

Сөздер: ағза, дәрумен, жөтел, дене қызуы, жүрек айну, бас айналу, қуат, құрам, артық салмақ, қан қысымы, кедергі,
сұңғақтығы

2-ТАПСЫРМА
Жаңа грамматиканы оқыныз.
БІРДЕ...БІРДЕ/ ТО ТАК…ТО ТАК


Мысалы:
Алматының ауа-райы бірде суық, бірде ыстық.
Адамның өмірі бірде қиын, бірде оңай.


Я/ НЕ...Я/ НЕ.../ ИЛИ ТАК....ИЛИ ТАК...


Мысалы:
Я сабағыңды оқы, я теледидар қара.
Не тамақ же, не далаға шық.


НЕМЕСЕ/ ИЛИ



Мысалы:
Тауға барасың ба, немесе үйде қаласың ба?


3-ТАПСЫРМА
Мына сөйлемдерді оқыңыз және аударыңыз.

  1. Жаңбыр бірде жауып, бірде тоқтап тұр.
  2. Арқам бірде ауырып, бірде шаншып тұр.
  3. Алматыда қыста бірде қар жауады, бірде жаумайды.
  4. Ол Қазақстанға бірде келеді, бірде келмейді.
  5. Оның туыстары бірде хабарласады, бірде хабарласпайды.
  6. Мейрамханалардың тағамдары бірде дәмді болады, бірде онша емес болады.
  7. Әжемнің денсаулығы бірде жақсы, бірде нашар.
  8. Математика сабағы бірде қиын, бірде оңай.
  9. Не тамақ іш, не сабақ оқы.
  10. Не журналист боласың, не филолог боласың.
  11. Я спортпен айналыс, я йогамен айналыс.
  12. Нақты шешімге кел: я Алматыда оқы, я шетелде оқы.
  13. Мен сені түсінбеймін: не бірге боламыз, не ажырасамыз.
  14. Біздің мұғаліміміз қызық адам: я сабақ сұрамайды, я баға қоймайды.
  15. Сен өзіңе я компьтер сатып ал, я телефон сатып ал.
  16. Мен не осы кітапты оқимын, не мүлдем кітап оқымаймын.

4-ТАПСЫРМА
Сәйкестендіріңіз.

  1. Ауырмау үшін үнемі спортпен айналысу керек,
  2. Мен шаршаған кезде шай ішемін,
  3. Мен осы жылы оқуға түсемін,
  4. Аяқ киімді арзан бағаға сатып алғың келсе, базарға бар,
  5. Саған осы жылы жұмысқа кіру керек,
  6. Бала кезімде көбінесе доп ойнайтынмын,

  1. немесе жақында жеңілдік болады, соны күт.
  2. немесе ұйықтаймын.
  3. немесе оқуға түсу керек.
  4. немесе асық ойнайтынмын.
  5. немесе шетелге кетемін.
  6. немесе үнемі дәрумендерді ішіп тұру керек.

5-ТАПСЫРМА
Жаңа сөздер мен жаңа грамматиканы пайдаланып 6 сөйлем құраңыз.

Сергек – бодрый
Мықты – сильный
Әлсіз – слабый
Қалыпты – нормальный
Жоғары – высокий
Төмен – низкий

Made on
Tilda