Tilda Publishing
Учи казахский
онлайн с Qazline!


3-сабақ
Нақ осы шақ
1-ТАПСЫРМА
ҚАЙЫРЛЫ ТАҢ!

Откройте ссылку и посмотрите объяснение грамматики:

Вам нужно поспрягать следующие глаголы:

тамақ пісіру, үй жинау, жұмысқа орналасу, кітап оқу, шай ішу.

✔️Образец:

Мен тамақ пісіріп жатырмын
Сен тамақ пісіріп жатырсың
Сіз тамақ пісіріп жатырсыз
Ол тамақ пісіріп жатыр.

ә) Составьте предложения с этими глаголами:

Шаршау, теледидар қарау, көмектесу, ауыру, жазу, музыка тыңдау.

✔️Образец: мен қазір қатты (сильно) шаршап отырмын.

б) Различите предложения по глаголам, который из них настоящее обычное время и настоящее длительное время.

1. Мен ұйықтап жатырмын
2. Мен әдетте кешкі он бірде ұйықтаймын.
3. Әсет Алматы қаласында жұмыс істейді.
4. Менің балам қазір сабақ оқып отыр.
5. Арман Еуразия ұлттық университетінде оқиды.
6. Анам қонақтарға керемет дастархан дайындап жатыр.
7. Мен жұмыстан қатты шаршап отырмын.
8. Сіз қазір не істеп отырсыз?
9. Ол күнде таңертең аулада жүгіреді.
10. Менің ағам бизнеспен айналысады.
2-ТАПСЫРМА
а) Послушайте аудио, составьте похожий диалог и отправьте преподавателю.

- Руслан аға, сәлеметсіз бе! Қалыңыз қалай? Не істеп жатырсыз?
- Сәлем, Дана! Рахмет, менде бәрі ойдағыдай! Мен үйде кітап оқып жатырмын.
- Ооо, күшті, қандай кітап?
- М.Әуезовтың "Жетімдер" әңгімесін оқып жатырмын. Сен ше? Не істеп жатырсың?
- Мен де үйде, тамақ пісіріп жатырмын.
- Керемет! Қандай тамақ пісіріп жатырсың?
- Мен түскі асқа палау пісіріп жатырмын. Сіз де келіңіз, дәм татып кетіңіз!
- Жарайды, ендеше 30 минуттан кейін келемін!


ә) Ответьте на следующие вопросы:

1. Руслан аға не істеп жатыр?
2. Дана не істеп жатыр?
3. Руслан аға қашан келеді?

3-ТАПСЫРМА
а) Послушайте аудио, вставьте вместо точек пропущенные слова.

– Аға, не ...... жатырсыз?
– Музыка ..... отырмын. Өзің не ..... жатырсың?
– Мен ....... кино ...... жатырмын. Соңғы шыққан жақсы киноларды білесіз бе?
– ................... , онша білмеймін.
– А-а-а, жарайды. Қандай музыка ........ отырсыз?
– Классикалық.
– Мен ............тыңдай алмаймын. Маған тек қазақша әндер ........
– Дұрыс қой, әркімнің талғамы әртүрлі.


ә) Ответье на следующие вопросы:

1. Аға не істеп жатыр?
2. Қыз не істеп жатыр?
3. Ағаға қандай әндер ұнайды?

4-ТАПСЫРМА
Откройте ссылку, расскажите преподавателю, какие действия происходят на картинках (опишите действия в настоящем длительном времени).

✔️Образец:

Бұл суретте адамдар сахнада (на сцене) балет билеп жатыр.
4-ТАПСЫРМА
Посмотрите мультфильм.

Ответье на следующие вопросы к мультфильму:

1. Көп және аз дегеніміз не?
2. Қыздың аты кім?
3. Ол не істеп отыр?
4. Ол ойыншығын досына неге бермеді?
5. Оның досының аты кім?
6. Қызғаншақ болсаң, сенімен ешкім ойнамайды дегеніміз не?
7. Оның достары оған ренжіді ме?
8. Ол екі досына қанша ойыншық берді?
9. Олар менімен ойнамай жатыр дегеніміз не?
Made on
Tilda