Қанат: Аружан, Мысырға қалай барып келдіңдер?
Аружан: Керемет, өте жақсы барып келдік, жақсы демалдық.
Қанат: Ол жақта қанша күн болдыңдар? Қай жерлерге бардыңдар?
Аружан: Ол жақта 7 күн болдық. Көп жерге бардық, бізге бәрі ұнады. Ең ұнаған жері ол, әрине, Қызыл теңіз.
Қанат: Мысырдың қай қаласында болдыңдар?
Аружан: Біз Шарм эль Шейхта болдық.
Қанат: Мен де өткен жазда Шарм эль Шейхта болдым, ал екі жыл бұрын Каирда болдым.
Аружан: Ааа, солай ма?
Қай қала көбірек ұнады?
Қанат: Шарм эл Шейх Каирмге қарағанда қызықтау. Өйткені
мұнда теңіз бар, адамдар шомылады, демалады. Ал Каирде тек Пирамидалар ғана бар, жолы ұзақ және ауыр, қатты шаршайсың.
Аружан: Түсінікті. Келесі жылы бұйырса басқа жерге барып демаламыз.
Ответье на следующие вопросы:
1. Аружан Мысырда қанша күн болды? Ол қалай демалды?
2. Аружанға ең ұнаған жер қандай?
3. Қанатқа не себепті Шарм қаласы көбірек ұнайды?
4. Аружан келесі жылы қайда демаламын деді?