Tilda Publishing
Учи казахский
онлайн с Qazline!


2-сабақ
Жедел өткен шақ
1-ТАПСЫРМА
Барлықтарыңызға қайырлы таң! Не жаңалық?

а) Откройте ссылку и выучите новые слова:

▪️существительные
▪️глаголы

Новые слова в Quizlet

ә) Расскажите преподавателю что вы кушаете на завтрак, на обед и на ужин.

Таңғы ас – завтрак
Таңғы асқа – на завтрак
Түскі ас – обед
Түскі асқа – на обед
Кешкі ас – ужин
Кешкі асқа – на ужин

✔️Шаблон:

Мен әдетте таңғы асқа бір кесе қара шай немесе кофе сүтпен ішемін. Қуырылған жұмыртқа жеймін. Және нанға май жеймін.

Мен түскі асқа әртүрлі (разное) тамақ жеймін. Кейде палау, кейде
сорпа, кейде қарақұмық тауық етімен жеймін.

Мен кешкі асқа әдетте майлы тамақ жемеймін. Көбінесе(в
большинстве) ет пен салат жеймін. Көк шай ішемін.

б) Спросите у вашего партнера следующие вопросы:

1. Сіздің ең сүйікті (самый любимый) тағамыңыз қандай?
2. Сіздің ең сүйікті киноңыз/сериалыңыз қандай?
3. Сіздің ең сүйікті жемісіңіз/көкөнісіңіз қандай?
4. Сіздің ең сүйікті кітабыңыз қандай?
5. Сіздің ең сүйікті жыл мезгіліңіз (времена года) қандай?

✅Ответ: Менің ең сүйікті тағамым - ...........
2-ТАПСЫРМА
Послушайте аудио и выучите фразы. Отправьте выученные фразы с переводом
преподавателю .
Не подглядывайте в тетрадку!
Не отправляйте фразы пока не выучите!

Дастарханға отырыңыз! Присаживайтесь за стол!
Ас болсын! Приятного аппетита!
Асыңыз дәмді болсын! Приятного вам аппетита!
Тамақтан алыңыз! Угощайтесь!/Кушайте!
Ауыз тиіңіз! Попробуйте!
Қарным ашты! Проголодался/проголодалась!
Қарным тойды! Наелся/наелась!
Тамақ өте дәмді шығыпты! Все было очень вкусно!
Дәмді екен! Вкусно!
Тұзды алып берші! Подай соли!
Майлық бола ма? Можно салфетку?
Тіс шұқығыш бола ма? Можно зубочистку?
Маған шай сүтпен бола ма? Мне можно чай с молоком?
3-ТАПСЫРМА
а) Откройте ссылку и посмотрите объяснение грамматики:

ә) После просмотра видео проспрягайте 4 глаголов в прошедшем времени:

✔️Образец:

Мен сөйлестім
Сен сөйлестің
Сіз сөйлестіңіз
Ол сөйлесті

б) Ответьте на следующие вопросы:

1. Сіз кеше не істедіңіз?
2. Сіз өткен демалыста не істедіңіз?
3. Сіз 2 ай бұрын не істедіңіз?
4-ТАПСЫРМА
а) Выберите правильный вариант:

1. Мен өткен аптада киноға ....
a) барамын
b) бардым
c) бара жатырмын

2. Екі сағат бұрын Айнұр .....
a) келді
b) келеді
c) келе жатыр

3. Өткен ..... олар мешітке барды.
a) жұмаға
b) жұмада
c) жұмамен

4. Өткен .... мен Америкада .....
a) жылда, боламын
b) жылы, болдым
c) жылға, болдым

5. Мен бүгін жұмысқа ....
a) үлгерумін
b) үлгердым
c) үлгердім
5-ТАПСЫРМА
Посмотрите короткометражный мультфильм и перескажите преподавателю в прошедшем времени.
Перескажите преподавателю сюжет в прошедшем времени.

Используйте следущие слова:


Бір күні - однажды, в один день
Оқымау - не учиться
Көмектесу - помогать
Айналып кету - превращаться
Қуыршақ - кукла
Сол үшін - поэтому
Сондықтан - поэтому
Себебі - потому что

Бұл мультфильмде кішкентай қыз ......
6-ТАПСЫРМА
а) проспрягайте следующие глаголы в настоящем обычном и в прошедшем времени.

Бару, көмектесу, айналысу, қарау, сұрау

✅Образец:

Бару

Барамын-бардым
Барасың-бардың
Барасыз-бардыңыз
Барады-барды

ә) Вставьте подходящие глаголы в прошедшем времени.

Пісіру, қарау, істеу, кездесу, үйрену, болу, бару, келу.

1. Мен кеше ютубтан екі сұхбат (интервью) ....
2. Саматтың баласы өткен жылы жазғы демалыста лагерьге ...
3. Екі күн бұрын менің анамның туған күні ....
4. Аида кеше күні бойы (целый день) жұмыс ....
5. Мен бүгін таңғы асқа ботқа ....
6. Азамат кеше достарымен ....
7. Мен бес жыл бұрын көлік айдауды ....
8. Ағам өткен аптада Америкадан ....
Made on
Tilda