Tilda Publishing
Учи казахский
онлайн с Qazline!


75-сабақ
1-ТАПСЫРМА
Әр қатардағы артық сөзді тауып, олардың бірінші әріптерінен сөз құрастарыңыз. Сонда бүгінгі тақырыпты табасыз:

1. Алма, қияр, сәбіз
2. Маймыл, қарға, арыстан
3. Торт, бәліш, шаш
4. Кітап, ана, дәптер

Жауабы:

2-ТАПСЫРМА
Мәтінді оқыңыз:

Ақша жинау құпиясы

Бүгіннен бастап ақша жинауға қалай қарайсыз? Ол үшін бірнеше құпияны білу жеткілікті.

Нақты мақсат қою

Қаржы жинаудан бұрын алдымен оның не үшін керектігін анықтап алыңыз. «Кім біледі, керек болып қалар» деген ой мақсатқа саналмайды. Сондықтан «көлік, үй алуға, саяхатқа, бизнеске» деген секілді нақты мақсат қойыңыз.

Мерзімін белгілеу

Мақсатыңызды анықтаған соң, нақты мерзімін белгілеңіз. Мысалы, мен бір жылда 600 000 жинауым керек. Демек, әр сайын 50000 жинасаңыз, бір жылда алты жүз мың қолыңызда болады.

Шығынды азайту

Болашақта бір нәрсені сатып алғыңыз келсе, шығын мөлшерін қазір азайтуыңыз керек. Мысалы, крексіз заттарды сатып алудан бас тартсаңыз, біраз ақша үнемдейсіз. Аптасына бір рет мейрамханадан тамақтанғыңыз келеді. Алайда ондай жерде жұмсалатын қаржыны үнемдеп, азық-түлік алып, үйде тамақтанған жөн.

Осы талаптардың бәрін орындап, ескеретін болсаңыз, белгіленген мерзімде қажетті ақшаны жинайсыз. Іске сәт!

3-ТАПСЫРМА
Мәтіннен білген ақпараттарыңызды бес сөйлеммен жазып шығыңыз(напишите текст своими словами в 5 предложениях):

Мысалы: мен бүгін ақша жинаудың құпиясын оқыдым...

4-ТАПСЫРМА
Жаңа грамматика:

В казахском языке есть послелоги(септеулік), которые используются после слов с окончанием Шығыс септік:

5-ТАПСЫРМА
Қажетті септеулікті қойыңыз:

Ертеңнен ________ ағылшын тілінен курсқа қатысамын.
Банктен ________ поштаға баруым керек.
Сізден _________ ешкім ақшаны үнемдей алмайды.
Викадан _________ оқушылар сабаққа жақсы қатысты.
2018 жылдан __________ ақша үнемдеп жүрмін.

6-ТАПСЫРМА
Сәйкестендіріңіз(сондықтан – поэтому):

7-ТАПСЫРМА
Видеода айтылған үш қағиданы(правила) жазыңыз:

8-ТАПСЫРМА
Үлгі бойынша ақша жинауды жоспарлаңыз:


Үлгі:
Мен алты ай ішінде 120 000 теңге жинағым келеді. Ол үшін айына 20000 теңгеден жинауым керек. Демек, әр аптада 5000 жинауым қажет. Сонда мен жиналған ақшаға Бурабайға бара аламын.


Мен алты ай ішінде __________ теңге жинағым келеді. Ол үшін айына ________ теңгеден жинауым керек.
Демек, әр аптада ______ жинауым қажет. Сонда мен жиналған ақшаға __________ аламын.

Made on
Tilda