Tilda Publishing
Учи казахский
онлайн с Qazline!


54-сабақ
1-ТАПСЫРМА
Амансыздар ба?
Қал-жағдайларыңыз қалай?
Не жаңалық?

Сілтемені ашып, бейнебаянды көріңіз:
Видеоға қатысты сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Америкалық ғалымдардың зерттеуінше, адам күніне неше рет жалған сөйлейді?
2. Адамның көзіне қарап, өтірік айтып тұрғанын байқауға бола ма?
3. Көпшілік өтірікті не үшін айтады?
4. Өтірік айту детекторының қызметі қандай?
5. Өтірік айту детекторы не себепті 100% өтірікті анықтай алмайды?
6. Ғалымдардың пікірінше, кішкентай балалар алғашқы өтірікті қашан айта бастайды?

2-ТАПСЫРМА
Сілтемені ашып, өтірік, шындық туралы мақал мәтелдерді оқыңыз.

Өзіңізге ұнаған 5 мақал-мәтелді жаттап, мұғалімге айтып беріңіз.

3-ТАПСЫРМА
Төмендегі сұрақтарға жауап беріп, өзіңізді видеоға түсіріңіз.
Мұғалімге жіберуге ұмытпаңыз.


1. Сіз өзіңізді ешқашан өтірік айтпайтын адаммын дей аласыз ба?
2. Қандай жағдайларда өтірік айтуға мәжбүр боласыз?
3. Сіздің ойыңызша, адам қандай жағдайларда өтірік айта алады?
4. Сіз біреудің өтірік айтып тұрғанын сезіп қаласыз ба?
5. Біреудің өтірік айтып тұрғанын сезсеңіз, сіз не істейсіз? Тыңдап тұра бересіз бе?

Made on
Tilda