Диалогпен жұмыс.
Раушан: Гаухар, естідің бе, бүгін төртте жиналыс болады дейді.
Гаухар: Не мақсатпен білмейсің бе?
Раушан: Білмедім, меніңше, кешегі тексеріске байланысты.
Гаухар: А-а-а, мүмкін. Менің құжаттарым тексерістен аман-есен өткен. Сенікі ше?
Раушан: Біраз қателер шыққан. Соны уаймыдап отырмын.
Гаухар: Байқа, сыйақыдан айырылып қалма!
Раушан: Олай болмайды деп үміттенемін.
Гаухар: Атқарушы директор іс-сапарға кетейін деп жатыр еді ғой. Жиналысты кім өткізеді екен?
Раушан: Нақты білмеймін. Барғанда көрерміз.
Гаухар: Иә, көрерміз.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
- Жиналыс сағат қаншада болайын деп жатыр?
- Не мақсатпен болайын деп жатыр?
- Раушан не үшін уайымдап жатыр?
- Раушан не үшін сыйақыдан айырылуы мүмкін?
- «Олай болмайды деп үміттенем» фразасын аударыңыз.
- Іс-сапарға кім кетейін деп жатыр еді?
- «Көрерміз» сөзін аударыңыз.