Tilda Publishing
Учи казахский
онлайн с Qazline!


37-сабақ

1-ТАПСЫРМА

Қанатты сөз:

Бір адамның кім екенін білгің келсе, қолына билік бер.
Если хочешь узнать человека – дай ему власть.

Наполеон Бонапарт

Жаңа сөздерді оқыңыз және есте сақтаңыз.

Адамгершілік – человечность
Мейірімділік – доброта
Қайырымдылық – милосердие
Қарт адам – пожилой человек
Мүгедек – инвалид
Жүкті әйел – беременная женщина

    2-ТАПСЫРМА
    ЕСІМШЕ/ПРИЧАСТИЕ

    Грамматиканың түсіндірмесі: причастие – это форма глагола со свойствами прилагательного, например, от глагола "играть" причастие – "играющий", от глагола "говорить" – "говорящий" и т.д. причастия могут быть прошедшего, настоящего и будущего времени.


    1. Причастия прошедшего времени: -ған/-ген/-қан/-кен

    Мысалы:

    ойнаған бала – игравший мальчик,
    ән айтқан қыз – певшая девушка

    2. Причастия настоящего/будущего времени: -атын/-етін/-йтын/-йтін

    Мысалы:

    ойнайтын бала – играющий мальчик,
    ән айтатын қыз – поющая девушка (девушка, которая поет)
    өтірік айтпайтын адам – человек, который не врет (не лгущий человек)
    көмектесетін адам – человек, который помогает (помогающий человек)

    3-ТАПСЫРМА
    Мына етістіктерді есімшеге айналдырыңыз. Бір бағанға өткен шақтағы есімше, екінші бағанға осы/келер шақтағы есімше.

    Қажетті сөздер:

    Көмектесу, қол ұшын беру, күлімдеу, қамқор болу, шаршау, қиналу, қарны ашу, көру, сұрау, айту, білу, ұйықтау, демалу


    Өткен шақтағы есімше: айт+қан, ...

    Осы/келер шақтағы есімше: айт+атын, ...


    4-ТАПСЫРМА
    Мына сөз тіркестерін есімшелі сөз тіркестеріне айналдырыңыздар:

    Қажетті сөздер:


    Кітап оқу, музыка тыңдау, кино көру, ата-ананы тыңдау, гүлге су құю, қамқор болу, сурет салу, ақша беру, итті тамақтандыру, қарт адамға қарау, орын беру, сөмке көтеру, жол көрсету.

    Мысалы: сабақ оқу – сабақ оқыған бала, сабақ оқитын бала.

    5-ТАПСЫРМА
    Бос орындарға тиісті жалғауларды жалғаңыз және аударыңыз.

    1. Ата-анасын тыңда__ адам ешқашан қателеспейді.

    2. Өтірік айтпа__, үнемі көмектес__, шақырғанда кел__ адамды бәрі сыйлайды.

    3. Кеше тойда қызыл көйлек ки__ әйелдер көп болды.

    4. Аз сөйле__ адам – ақылды адам.

    5. Сабаққа апар__ автобус бүгін жұмыс істемейді.

    6. Жақсы жұмыс істе__ жігіттер бар болса, хабарласыңыз.

    7. Біздің театырымзға талантты, ән айта ал__, билей алатын өнері бар жастар керек.

    8. Кеше кел__ қонақтарды інім шығарып салды.

    6-ТАПСЫРМА
    Жаңа грамматиканы пайдаланып 6 сөйлем құраңыз. (3-өткен шақтағы есімше, 3-келер/осы шақтағы есімше)

    Made on
    Tilda