Мәтінді оқиңыз және аударыңыз.
Алматыда континенттік климат қалыптасқан. Климаттық жағдайы – желсіз, тымық ауа-райы және ауа қабаттарының тау арқылы төмен қарай ығысумен ерекшеленеді.
Ең ыстық айлар – Шілде мен Тамыз. Ең суық ай – Қаңтар. Орташа жылдық температурасы шамамен 10 °С кұрайды, қаңтардың орташа температурасы шамамен - 4.7 °С, ал шілдеде
+23.8 С°.
Аяз қараша айында басталып, сәуірде аяқталады. Қатты аяз 67 күн болады –желтоқсаның 19-і басталып, ақпанның 23-і аяқталады. Ыстық күндер температурасы 30С° дейін – 36 күн болады. Жылы мезгілде шамамен 600-650 мм жауын-шашын жауады.
Мына сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Алматыда қандай климат қалыптасқан?
2. Ең ыстық айларды атаңыз
3. Орташа жылдық температурасы шамамен қанша градусты құрайды?
4. Қаңтар мен шілдеде ауа температурасы қанша болады?
5. Аяз қашан басталып, қашан аяқталады?
6. Жылы мезгілде шамамен қанша мм жауын-шашын жауады?