Tilda Publishing
Учи казахский
онлайн с Qazline!


34-сабақ

1-ТАПСЫРМА
Қайырлы күн!
Қалдарыңыз қалай?


Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Кино әлемі сізді қаншалықты қызықтырады?
  2. Бір кездері болса да актер болуды армандап көрдіңіз бе?
  3. Қаншалықты жиі кино көресіз? Қай жанрда?
  4. Ең сүйікті актерларыңыз және олар түскен фильмдері туралы айтып беріңіз.

2-ТАПСЫРМА
Суретке қараңыз, бұл актерды таныдыңыз ба? Ол туралы не айта аласыз? Қандай киноларын білесіз?

3-ТАПСЫРМА
Актер туралы қызықты деректерді оқыңыз, сіз білетін басқа да қызықты дерек бар ма?

Кейт Уинслет бала кезінен артық салмақпен күресіп келеді. Ол небәрі 15 жасында 90 келідей болған. Сол себепті ол өзін ешқашан атақты актриса боламын деп ойламаған.

Кейт Уинслет Гинес рекорды кітабына енген ең жас актриса. Отыз жасында ол "Оскар" номинациясына алты рет ұсынылған. Солайша ол 2010 жылы "Чтец" фильмі үшін мүсіншесін қолына алды.

Ол 11 жасында актерлік шеберлік бойынша сабақтарға қатыса бастайды, 19 жасында алғаш рет фильмге түседі, 20 жасында "Ең жақсы сомдалған әйел ролі" номинациясы бойынша "Оскар" мүсіншесін алады.

Кейт Уинслет өте қарапайым актриса. Бір күні қала тұрғыны оны метродан көріп, таң қалып, қасына келіп оның шынымен Кейт Уинслет екенін сұраған. Ал актриса оған қарапайым, күлімсіреп жауап берген.

4-ТАПСЫРМА
Жоғарыдағы сұxбатқа қатысты төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Кейт Уинслет бала кезінен немен күресіп келеді?
  2. Ол Гинес рекорды кітабына не үшін енген?
  3. Ол алғаш Оскар номинациясын қашан алған?
  4. Кейт Уинслет қандай адам?

5-ТАПСЫРМА
«Оскар» марапаты туралы сіз не білесіз?

  • Бұл марапатқа «Оскар» атауын Уолт Дисней берді.

  • «Оскар» жүлдесін жеңіп алған актер, мүсінді өзімен алып кете алмайды. Ол үшін жеңімпаз Киноакадемия қойған арнайы талаптарға келісу қажет. Бас тартқан жағдайда, мүсін берілмейді.

  • Уолт Дисней Оскар жүлдесін 25 рет жеңіп, оның ішінде 3 рет құрмет белгісімен марапатталған.

  • Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында Оскар мүсіндері пластмасса материалдан жасалды. Соғыстан кейін қайтадан металл түріне ауыстырылды.

  • Оскар жүлдесімен марапатталған жандар үшін сахнада сөйлеуге небары 45 секунд белгіленген. Бұл ереже марапаттау рәсімінің төрт жарым сағатқа созылып кетуіне байланысты 2002 жылы енгізілді.

  • Атақты қызыл кілемнің ұзындығы 150 метр, ені 10 метр шамасында.

6-ТАПСЫРМА
Диалогты оқиңыз және эмоционалды сөздерді қажетті орынға қойыңыз. Оқытушыдан төмендегі сөздердің қай кезде қолданылатынын сұраңыз. Және ауызша бірнеше сондай сөйлемдер құраңыз.

Бәрекелді масқара мәссаған алақай қап ойбу


  1. Бәрекелді! Сен бұл рөлді керемет ойнап шықтың!

  2. _________! Бұл сұмдық жаңалық екен, ешкім білмесін! Біреу естісе, ұят болып жүрер.

  3. _________! Сенің келмейтініңді білгенде, мен де келмес едім. Ертерек айтпадың ба? Мен киноға билет алып қойдым.

  4. _________! Азамат осы жолы тағы да кастингтен өтпей қалыпты.

  5. _________! Режиссер мені басты ролге тағайындадаы.

  6. _________! Анджелина Джоли бір киноға түсу үшін шашын таз қылып алып тастаған екен. екен.

Made on
Tilda