Tilda Publishing
Учи казахский
онлайн с Qazline!


16-сабақ

1-ТАПСЫРМА
Қайырлы күн!
Қалдарыңыз қалай?
Бүгінгі күн сәтті өтсін!

«Адай» күйін тыңдадыңыз ба?
Күйге сілтеме:


2-ТАПСЫРМА
Мәтінді тыңдаңыз және оқыңыз.
"Адай" күйінің шығу тарихы туралы не білесіз?

«Адай» – күй. Авторы – композитор Құрманғазы Сағырбайұлы. Күй халықтың еркіндік жолындағы ерлік күреске толы ой-идеясын беруге құрылған. Домбырашы Қ.Жантілеуов 1934 жылы Алматы қаласында кәсіби сахнада «Адай» күйін алғаш рет орындаған. 1935 жылы Л.Мұхитов орындауында күйтабаққа жазылып, ол «Амангелді» көркем фильмінде пайдаланылды; ал композитор А.Жұбанов «Адай» күйін оркестрге түсірді. Осы күй қазіргі кезге дейін өзгеріссіз орындалып келеді. «Адай» күйінің екінші бір түрін өзінің домбырашылық орындау ерекшелігіне қарай кезінде Дина Нұрпейісова тартқан. Халық күйі "Адай" бұрынғы ел батырларының ұраны болған.

«Адай» күйінің қалай шыққандығы туралы жазушы Әнуар Әлімжановтың «Махамбеттің жебесі» деген кітабында жазылды. Онда күйдің Махамбет-Исатай көтерілісі кезінде Гекке отрядына қарсы күресте табандылық көрсеткен жасақшылар арасындағы Адай руынан шыққан азаматтарға арналып шығарылғандығы, көтеріліске Құрманғазының өзі де қатысып, адайлардың ерлігін өз көзімен көргендігі айтылған. Бүгінде «Адай» күйі Маңғыстаудың әнұранына айналып отыр.

3-ТАПСЫРМА
Мәтінге қатысты сұрақтарға жауап беріңіз.

1. «Адай» күйінің авторы кім?
2. Күйді алғаш рет орындаған кім?
3. Күй қандай кинода орындалды?
4. «Адай» күйін оркестрге түсірген кім?
5. Күйдің шығу тарихы туралы кімнің кітабында жазылған?

Төмендегі сөздерді аударыңыз.

1. еркіндік –
2. ерлік –
3. кәсіби –
4. өз көзімен
6. ұран –
7. көтеріліс –
8. табандылық –
9. әнұран –


4-ТАПСЫРМА
Қазақтың тағы қандай атақты күйлерін білесіз?

Интернеттен өзіңіз білетін күйдің шығу тарихы туралы деректерді іздеп, мұғалімге айтып беріңіз.

Made on
Tilda