Журналист: Сәлеметсіздер ме! Сіздерге сұрақ қоюға бола ма?
Қыздар: Сәлеметсіз бе! Иә.
Журналист: Сіздің сүйікті ісіңіз қандай?
Аида: Менің сүйікті ісім - сериал көру. Бос уақытымда түрік сериалдарын көргенді жақсы көремін. Журналист: Ал кино көру ұнай ма?
Аида: Жоқ, кино көру онша ұнамайды.
Журналист: Ал сізге не істеу ұнайды?
Карина: Мен бос уақытымды пайдалы өткізуге тырысамын. Сондықтан бос уақытымда кітап оқимын, подкасттар тыңдаймын.
Журналист: Қандай подкасттар тыңдайсыз?
Карина: Әртүрлі. Мысалы, мидың жұмысы туралы, уақытты тиімді өткізу.
Журналист: Ал сіз бос уақытыңызда не істейсіз?
Зарина: Менің бос уақытым аз, сондықтан бос уақытымды көбіне (часто) отбасыммен бірге өткіземін. Бірге дәмханаға барып, дәмді тамақ ішеміз, кино көреміз, саябаққа барамыз. Кейде қаланың сыртына барамыз.
Журналист: Ал сізге кітап оқу ұнай ма?
Зарина: Жоқ, кітап оқу мүлде ұнамайды.
Журналист: Көп рақмет, сау болыңыздар!