Сәлем! Мен Катямын. Ал мынау - менің үйім. Үйім екі қабатты. Үйдің бірінші қабатында ас бөлме және қонақ бөлме бар. Әжем қонақ бөлмеде диванда кітап оқып отыр. Қонақ бөлмеде диван, үлкен қызыл кілем және үстел мен орындықтар бар. Қонақ бөлмеде қонақ күтеміз.
Мен ас бөлмеде тамақ ішіп отырмын. Анам тамақ пісіріп жатыр. Ас бөлмеде тоңазытқыш, шкафтар, ыдыс жуатвн машина, пеш бар. Ас бөлменің қабырғасы ақ түсті.
Екінші қабатта жуынатын бөлме, 2 жатын бөлме бар. Бір жатын бөлмеде анам мен әкем ұйықтайды, ал екінші жатын бөлмеде әжем екеуіміз ұйықтаймыз. Жуынатын бөлмеде ванна, қол жуғыш бар. Мен ваннада шомылғанды жақсы көремін.
Менің үйім маған өте ұнайды.