Дәріні ішудің өз ережесі бар. Себебі бір дәріні тамақ ішер алдында, бір дәріні тамақтан кейін, тіпті кейбір дәрілерді тамақпен бірге ішу керек.
1. Антибиотиктерді тамақпен бірге немесе тамақтан кейін ішу керек. Дәріні ішер алдында қораптың ішіндегі нұсқаулықты оқыңыз.
2. Ауруды басатын дәрілерді тамақтан кейін ішеді. Ал тамаққа дейін ішетін дәрілерді дәрігерлер су немесе сүтпен ішуге кеңес береді.
3. Дәрумендерді тамақтан кейін ішкен дұрыс. Бірақ дәрумендерді дәрігердің кеңесінсіз ішуге болмайды.
4. Капсулаларды бөліп ішуге болмайды. Оны бүтіндей жұту керек.
5. Тамақ ауырғанда соратын дәрілерді тамақтан бұрын ішкен дұрыс. Оны ішкеннен кейін кемінде 2-3 сағаттан кейін ғана су, тамақ ішуге болады.
6. Балаларға дәріні дәрігердің кеңесімен ғана беріңіз. Себебі көп дәрі пайдасын емес, зиянын тигізуі мүмкін.