Tilda Publishing
ПОЛНЫЙ КУРС
10-сабақ
КАЗАХСКОМУ ЯЗЫКУ


1-ТАПСЫРМА
Қайырлы таң!
Қалыңыз қалай?
Бүгінгі күн сәтті өтсін!

Мына видеоны көріңіз:
2-ТАПСЫРМА
Видео бойынша мына сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Немен айналысатын адамдардың ақыл-ойы басқа адамдардан тезірек дамиды?
2. Үлкен мидың қартаюы қандай жағдайда болмайды?
3. Кітап оқуды қойған адам нені де қояды дейді жазушылар?
4. Кітап оқудың пайдасы неде?
5. Кітап оқу жабырқаудан арылта ма?
6. Кітап оқу жастардың тіл табысуына әсер ете ме?
3-ТАПСЫРМА
а) Екінші видеоны көріңіз:
ә) Видеоны қарап болған соң, кітап оқудағы кеңестермен бөлісіңіз.

б) Сіз кітаппен доссыз ба?
Кітапты жиі оқисыз ба?
Қандай кітаптарды оқығанды жақсы көресіз?
Соңғы оқыған кітабыңыз қандай?

4-ТАПСЫРМА
Ұлы адамдардың кітап туралы айтқан қанатты сөздерін оқыңыз. Ұнаған 3 қанатты сөзді жаттап алыңыз.

Артық ғылым кітапта,
Ерінбе оқып көруге.

Абай

Кітап маған тақтан да қымбат.
Шекспир

Наданмен қас болғанша,
Кітаппен дос бол.

Бауст.

Жақсы кітап — ақылды адамның әңгімесімен бірдей.
Толстой.

Кітап — ақылды қуаттандыратын құрал.
Каменский.

Егер мен бай болсам, тек қана кітап сатып алар ем.
Горький
Made on
Tilda